12 мың гектар жерге қызылша егіледі
- Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
Өткен жылы Жамбыл облысының дихандары 5,3 мың гектар аумаққа қызылша еккен болатын. Биыл бұл дақыл 12 мың гектар алқапқа егілмек. Бұл туралы жақында облыс басшысы К.Көкірекбаевтың төрағалығымен әкімдік алқасында өткен отырыстан кейін мәлім болды.
– Бұл дақылдан түсетін пайда көп. Қызылша, қызанақ, қияр сияқты өнімдер тез бұзылмайды. Шаруашылықты дамыту халықты жұмыспен қамту міндетін де шешеді. Қызылшаны көп ексек, сонша жұмыс күші болады. Тәтті дақылды жинауға тіпті мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмылдырған кезең естеріңде болар, - деп атап өткен болатын аймақ басшысы. Сөйтіп облыс әкімі аудан, қала басшыларына қант қызылшасының егін алқабын арттыру керектігін тапсырған еді. Биыл бұл егін шаруашылығына мемлекет қазынасынан 420 млн теңге бөлінді. Оның 220 млн теңгесін тұқым сатып алуға, қалғанын техникаға жұмсау көзделіп отыр.
- Жамбыл облысы
- дихандар
- қызылша