Шаруалар егіс жұмыстарына толық дайын
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шаруалар егіс жұмыстарына толық дайын

Шаруалар егіс жұмыстарына толық дайын
  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына дайын. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоспар бойынша көктемгі егін 460,6 мың гектар жерге егіледі. Бүгінде алқаптың 375 мың гектары айдалып, жаздық дақылдардың тұқымымен қамтамасыз етіліп қойды. Көктемнің алғашқы күніне дейін өңірдегі егіс алқабының 4,6 мың гектарына көкөніс, 2 мың гектарына масақты дәнді дақыл, 0,6 мың гектарына жоңышқа мен 0,1 гектарына картоп егілген. 

Ауыл шаруашылығына қажетті техникалар: 18 мыңнан астам трактордың – 87 пайызы, 3 мыңға жуық трактор соқаларының - 95 пайызы, 2 мың дән сепкіш техниканың 90 пайызы барлық тексеру жұмыстарынан өткен. 

Көктемгі дала жұмыстарына 38 мың тонна дизель отыны бөлінген. Мамандардың айтуынша, бұл отын егіс жұмыстарына толығымен жетеді. Тағы бір атап өтетіні, ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау үшін 15 мың тонна тыңайтқыш қоймада сақталған. Оның басым көпшілігі Сарыағаш ауданында. Айта кетейік, биыл аймақта көктемгі және күзгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі былтырғымен салыстырғанда 400 гектарға артқан. Нәтижесінде 772,8 мың гектар алқапқа егін егілмек. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter