Гректер ОҚО-да кірпіш зауытын салады
Оңтүстік Қазақстан облысында кірпіш блоктары мен шатыр жабынқыларын шығаратын зауыт салынады. Жоба Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриялды аймағында жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кірпіш блоктары мен шатыр жабынқыларын грек компаниясы «GMT Kazakhstan investments A.E» көне италияндық құрылғылары арқылы керамикалық өндіріс жабдықтарын шығаруда маманданған «Маркелуццо Импьянти» жүзеге асырмақ. Мұндай келісімге облыс әкімдігінде өткен кездесуде қол жеткізілді. Құрылысқа құйылатын инвестицияның құны 26,1 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде.
Жоба 2016 жылдың соңына дейін іске асырылып, нәтижесінде 255 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт өнімінің 80 пайызы Қазақстанның ішкі нарығына жіберілсе, қалған 20 пайызы шетелге экспортталады.
- ОҚО
- Корреспондент
- ЮКО