Өнерлі әкімдер көбейіп келеді. Мәселен, Алматының экс-басшысы Ахметжан Есімов пианинода ойнап, көпшілікті таң қалдырған еді. Оңтүстікке келген басшылар да шеттерінен өнерлі екен. Жұрт Өмірзақ Шөкеевтің саксафонда жақсы ойнайтынын біледі. Кешегі әкім Асқар Мырзахметов ән айтады. Қазіргі аймақ басшысы керемет күйші. Өнерлі әкімдердің тізімі толығып, олардың қатарына аудан басшылары да қосылды. Солардың бірі – Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай. Әкім мырза вальс королі Шәмшінің «Арыс жағасында» деген әнінен үзінді айтып, кез келген жерде мәселесін шешіп жүреді екен. Шымкентте өткен жиындардың бірінде бұл туралы әкімнің өзі де қойып қалды. «Өзіңмен Арыстың, бойында таныстым» десем, «А, сол қаланың әкімісіз бе?» деп таң қалады» депті әкім. Яғни, осы бір екі шумақ шенеунікті «паспортына» айналыпты-мыс.