Показать содержимое по тегу: көпбалалы ана
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жартысы құлаған жатақхананы паналап отыр

«Күз келе бастағаннан-ақ біздің көңіл-күйіміз нілдей бұзылады. Балаларымыз да жаңбырдан қорқып қалған. Былтырғы ерте көктемде жаңбыр ұзақ жауды да, кешкісін біздің күнімізге жарап отырған жарты ғасырлық тарихы бар ескі жатақхана гүрс етіп құлап түсті. Көз алдымызда опырылып түскен дуал алды әлі жасына да толмаған жас балаларға қатты әсер етсе керек, бүгінде жаңбыр жауса, балаларымның мөлдіреген көзінен «үйіміз құлап қалмай ма екен?» деген үрейді көремін».

Подробнее ...

Көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы – 8823 теңге

Ауылдық жерде тұратын көптеген ата-аналар 4 баладан бастап көпбалалы деген мәртебеге ие болып, арнаулы жәрдемақыға үміт арта алатынын біле бермейді. Оған редакциямызға келіп түскен көптеген хаттар арқылы көз жеткізуге болады. Өйткені, бұрынырақта аналар көпбалалы деген мәртебеге 6-7 баладан кейін ғана ілігетін.

Подробнее ...

Имамдар мешітті паналап отырған жалғызбасты ананы 5 баласымен бірге қуып жібермекші

Алланың үйін жылға жуық мекен етіп келген атыраулық көпбалалы ана енді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, тұрып жатқан бөлмесін имамдар өз мақсатында пайдалану үшін келіншектен сыпайы түрде босатуды сұрапты. Ешқандай табыс көзі жоқ отбасы баспана кезегінде тұр. Бірақ ол кезектің қашан жетері белгісіз. Мешітке келген қайырымды жандардың садақасы мен мемлекеттен берілетін жәрдемақыға жан сақтап отырған ана мен балалардың басқа барар жері жоқ. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Шынаргүл Нұршаханованың тұңғышы – 10 жаста, кішісі – 3-те. Екеуі қала сыртындағы мектеп-интернатта оқиды. Бірақ жағдайдың жоқтығынан сабақтан көп қалады. Ал мектеп жасына жетпегендері үйде. Дін жолында жүрген жолдасы аяқ асты өзгеріп, отбасынан тастап кеткен екен. Ақырында істі болып, сотталып шыққан. Тіпті туған ата-әжесінің де немерелерін көргісі жоқ. Шынаргүлден өзінің тума-туыстары да теріс айналған.

-Туыстарым бар, Жаңаөзенде, Ақтауда тұрады олар. Оларға барайын десем, олар да «кет-кет» деп қуады. Қазір өз күнін өзі көреді, ешкім ешкімді асырауға тиісті емес" - деді 5 баланың ана. 

Өкінішке қарай, жергілікті биліктен де қайран болмай тұр. Баспана кезегіне тұрғанымен, қуанышты күннің қашан туары белгісіз. Өйткені Шынаргүл Нұршаханова көпбалалы отбасы ретінде 2015 жылдың 27 қаңтарынан бастап тізімге тіркелген. Қазір реттік саны – 3824. Тұрғын үй мәселесі кезегіне сәйкес қаралады. 

Абақтыдан жаңа шыққан жұбайы бес баласына алимент те төлемей қашып жүр. Бәрінен күдер үзген келіншек енді қайырымды жандардан ғана көмек күтіп отыр.

Подробнее ...

Әкім берген үйде тұрып жатқан қос әйел ұрысып қалыпты

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты қалалардың бірінде көпбалалы қос ана жылап-еңіреп әкімнің қабылдауына баспана сұрап келген екен. Әрине, қазына қаржысы шашылып жатқан сабан емес. Әрбір тиынның өз орны бар. Заң тұрғысында жалғызбасты қос ана үй кезегіне тұрғанымен, әлі біраз күтулеріне тура келеді.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter