ВИЧ індетіне қатысты тағы да шу шықты
Сонау 2006 жылы ВИЧ індетін жұқтырып алған балалардың ата-аналары «СК-Фармацияны» дәрілерді тым жоғары бағамен сатып алады деп айыптап отыр. Оның дәлелі ретінде 2014 жылғы кедендік декларацияны көрсетті.
Онда замивудин+ламивудин препараты Қазақстанға бір долларға (180 теңге) кіргені тіркелген. Ал дәл сол дәрі 2015 жылы бір таблеткасы 40 центке әкелінген. Ал, 2016 жылы «СК-Фармация» тура осы дәрмектің әр таблеткасын 1,7 долларға сатып алмақ екен. Осы мәселені көтерген белсенділердің айтуынша, егер мемлекет бұл препараттарды делдалсыз сатып алатын болса 40 миллиондай теңге ақша үнем болар еді. 2016 жылы АРВ перапараттарын сатып алуға қаралған жалпы сома 362 миллион теңгені құрап отыр. ВИЧ індетіне шалдыққан балалардың ата-аналары «бұл қаржының жартысы қалтаға кетеді» деп қынжылып жатыр. Олардың сөздеріне сүйенсек, ВИЧ-ке шалдыққан балаларға қажетті дәрі-дәрмек сатып алу кей адамдар үшін майшелпекке айналған. Ал, сол қаржыға кейінгі шыққан, емдік әсері одан да жақсы дәрілерді сатып алуға болатын көрінеді. Бұл мәселе бойынша олар қыркүйек айында Шымкенттің Абай аудандық сотына арыз-талап түсірген. Алайда, ол қанағаттандырылмапты. Енді «СК-Фармацияның» әрекетіне ашынған ата-аналар Бас прокуратураға арызданбақ.
- ВИЧ
- «СКФармацияны»