Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін киімі өзгеретін болды
Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік желілерде күлкіге айналдырғандар да болды. Солардың бірі – қазақстандық актер, продюсер Нұртас Адамбай. Ол жаңа киім үлігісінің фотосын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөліскен. Форма көпшіліктің көңілінен шықпаған. Тіпті бірі «костюмдердің атауы: тазалаушы, Тайланд колледжінің студенті, Украина әуе жолдарының стюардессасы» деп пікір білдірген.
Дегенмен қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық бар. Спорттық киімдерге өзгеріс енетін болды. Тігін мекемесіндегілер спорттық киімдер жарыс өтетін орынның климатына лайықталғанын және маталары шет елден алынғанын жеткізген.
Айта кетейік, Олимпиадаға арналған форма үлгісін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған. Оның құрамында Ермахан Ыбрайымов, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев секілді чемпиондар бар. Комиссия мүшелері тігумен айналысатын мекемедегілерге киімдердің түсін өзгертіп, соңына дейін жақсылап тігуді тапсырды.
- Олимпиада
- Рио
- спорт
- Корреспондент
- қызық ақпарат