Шымкентте жылу құбырынан шарананың денесі табылды (видео)
Әлеуметтік желілердің бірінде жан түршігерлік видео пайда болды. Онда тұрғындар (коммуналшылар да болуы мүмкін) жылу құбырларының бірінен шарананың денесін тауып алған.
Видеоны түсірушінің сөзіне сенсек, бұл жағдай Шымкенттегі Нұрсәт мөлтек ауданында орын алған. Инстаграм желісінде жарияланған бұл көріністі көргендер шарананың 20 апталық мерзімнен асқан ұл бала екенін болжаған. Видео желі қолданушыларының ызасын туғызған. Олардың көбі орын алған жайтқа қыздарды кінәласа, келесі бірі жалпы жастардың мұндай әрекеті алаңдатып отырғанын жасырмаған. Бүгінде аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оны Шымкенттегі Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруге алды.
Медиа
- шымкент
- брошенный младенец
- бала тастау
- қызық ақпарат