Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 18 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Фото: sn.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

 

Бүгін Алматыдағы Универсиада нысандарын аралап көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесіне де тоқталып өтті. Ел президенті Қазақстанның тек көпұлтты емес, сондай-ақ көптілді ел екенін де атап өтті.

«Біз үштілді білім беру жүйесін енгіздік және бұл жолдан ауытқуға болмайды. Шенеуніктердің көбі заңнан озып, ел тұрғындарының бәрін қазақша сөйлеткісі келеді. Бірақ біз көпұлтты ел болғандықтан оған жол беруге болмайды», - деді Елбасы.

«Менің байқағаным, біреу орысша сұраса, біздің мамандар оған қазақша жауап беріп жатады. Сонда прокуратура қайда қарап отыр? Егер азамат орыс тілінде өтінім берсе оған орысша жауап беру керек. Егер орыс тілінде сұраған азаматқа қазақша жауап берсе ондай қызметкерді жұмыстан қуу керек!» - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Аталған жиын барысында Президент жоғары білім жайында да сөз қозғады. Ол бірнеше диплом алып, оны пайдаға асырмайтындарды сынға алды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Нүке
+9 Нүке 17.02.2016 01:17
Бұны қалай түсінуге болады? Сонда егер қазақша жазбаша немесе ауызша арызданып барсаң, орысша жауап қайтарса, ол адамды да жұмыстан шығара ма? Біздің қоғамда, әсіресе мен тұратын Солтүстікте қазақшаңа орысша жауап беру жағдайы ешкімді таң қалдырмайды, тіпті орысша білмейді деп күлкі де қылады. Біз ренжімейміз. Мұның арты не болар екен ?
Жауап беру
заңәділ Нөсербек
+2 заңәділ Нөсербек 17.02.2016 12:19
Тыныш жатқан алыс-жақын шетелдерге орынсыз тізе батырамын деп қалың тойтарысқа ұшырап, құлдыраудан көз ашылмай, қытай елше арқа сүйеуден басқа шарасы қалмаған қағаз империя орсты қытай тілін үйреніп жатқанда біз оның әлмедік беделі төмендеп, керексіз боп бара жатқан тілін үйренеміз, тіпті, күштеп үйретеміз десек әлем күледі ғой. Елбасы аңдамай айтып қалған деп ойлаймын.
Жауап беру
Қаршыға
+4 Қаршыға 17.02.2016 19:01
Қазақша сөйлесең, кекірейіп орысша жауап беретіндерге президенттің осы айтқаны майдай жаққан шығар шіркін!!!
Жауап беру
Мура
+1 Мура 17.02.2016 23:16
Бұнымызбен ел болу арман боп қалатын шығар.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Танымал журналист Сара Назарбаеваның мерейтойына қатысты жақ ашпаған мемлекеттік БАҚ-тарға таң қалды

Орыс тілді қазақстандық белгілі журналист Ержан Сүлейменов мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысын сынға алды. Нақтырағы, ол елдің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның 75 жылдық мерейтойының кеңінен насихатталмағ...

Korrespondent.kz Саясат

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы Валентин күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан виртуалды достарын әулие Валентин күнімен құттықтады. Жылы лебізін шенді қызметкер «фэйсбук» әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік жастар балалар үйіне барып, палау таратты

Шымкенттің белсенді жастары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы барып, қой сойып,  палау таратты. Асты  әзірлеу үшін ұйымдастырушылар 16 жылдан бері ас...

Korrespondent.kz Қоғам

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім: "Шәкіртінен пара дәмету - өз балаңды баққаныңа ақы сұраумен бірдей"

Шымкенттік мұғалім Өмір Шыныбекұлы ұстаздардың шәкіртінен пара алуына қатысты өткір ойын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөлісті. Тіпті ол өзінің басынан өткен оқиғаны мысалға келтіріп, б...

Korrespondent.kz Қоғам

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

41
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

41
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

42
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

42
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

39
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter