Бейбіт Атамқұлов әйелдердің белсенділігіне таңдай қақты
Бүгін оңтүстікқазақстандықтардың алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі өз баяндамасын әр салаға жіктеп, нақтылап айтып берді. Соның ішінде өңір басшысы гендерлік саясатты қолдайтынын және өңірдегі әйелдердің белсенділігіне таңданысын жасыра алмады.
«Мемлекеттік басқару ісіне әйел адамдарды да көптеп тартуды назарға ұстайтын боламыз. Біздің әйелдер өте белсенді, өте ақылды. Олардың көбі бүгінде ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарының басшылық тізгінін ұстап отыр. Негізі әйел адамдары жауапты басшы болады»,-деді аймақ басшысы. Сонымен қатар, Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік қызметке орналасушылар үшін меритократия қағидаты қолға алынғанын және ол білікті әрі білімді мамандардың қызметтік жоғарылауына ықпал ететінін атап өтті.
- Бейбіт Атамқұлов
- Бейбут Атамкулов
- ЮКО
- қызық ақпарат