Дау тудырған фильмнің екінші бөлімі 17 наурызда көрсетілетін болды
Қазақстандық актер, шоумен әрі продюсер Нұртас Адамбай жұртшылықтан сүйінші сұрады. Бұл жолы өнер адамы «Келинка Сабина» фильмінің екінші бөлімі жақын арада көрермен назарына ұсынылатынын айтты. Бұл туралы әртіс «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
«Достар, көпшілік көрерменнің сұранысы бойынша көктем мерекесіне орай ағымдағы жылдың 17 наурызында тосын сый ұйымдастырдық. Көпшіліктің қызу талқысына түскен әрі ұлттық комедияның жалғасын ұсынып отырмыз» деп жазды Нұртас Адамбай. Сондай-ақ, продюсер фильмнің трейлері жақын арада әлеуметтік желілерде пайда болатынын қуана жеткізіп, «Келинка Сабина-2» алғашқысынан да қызықты болатынын, ол үшін ұжым бар ынтасын салғанын атап өтті.