ОҚО әкімі: «Шымкент – жүрегіме өте жылы қала»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 23 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі: «Шымкент – жүрегіме өте жылы қала»

Фото: Х.Азизов

Кеше Шымкент қаласындағы «Түркістан» салтанат сарайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 2015 жылы атқарылған жұмыстар және 2016 жылы қолға алынатын тірліктер жөнінде жұртшылық алдында есеп берді. Әкім есебін тыңдауға арналған жиынға тұрғындардан бөлек аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер пен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков арнайы келді.

Сонымен, 2015 жыл несімен есте қалды? Әділін айтайық, Оңтүстікте атқарылған шаруалар қыруар. ОҚО әкімі Б. Атамқұлов өңірге келгелі өзін сөздің емес, істің адамы екендігін дәлелдеді. Ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіп, шағын және орта бизнес саласындағы жетістіктер сөз жоқ, разы етеді. Облыс орталығы да сәулетіне сәулет қосуда.

Айтарымыз, әкімнің есебіне жұртшылықтың көңілі толды. «Атамқұлов азамат екен!» деп ризашылықпен тараған тұрғындардың сөзі осы ойымызға дәлел болғандай.

Қой жылы Оңтүстік Қазақстан облысы үшін табысты болды. Өнеркәсіп саласы бойынша 668,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ал ауыл шаруашылығы бағытында 344,6 млрд теңгенің өнімі жиналған. Жергілікті экономиканы дамыту мақсатында инвестиция тарту жұмыстары да ауыз толтырып айтарлықтай. Өткен жылы инвесторлардың есебінен жалпы құны 143 млрд теңгені құрайтын 58 жоба жүзеге асқан.

«Бүкіл республикадағы жылыжай аумағының 45 пайызы тек бір ғана Сарыағаштың үлесінде. Кеше ғана еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен шаруалар бас қосты. Көп мәселе көтерілді. Келесі айда біздің өңірде республикалық деңгейдегі екі үлкен жиналыс өтетін болды. Оның бірі - Мақтаарал ауданында. Онда мақта шаруашылығы мен жерді суғару мәселесі талқыланады. Екіншісі - Сарыағашта. Бұл ауданда жылыжай мен бау-бақша, субсидия жайы талқыланады»,-деген Бейбіт Бәкірұлы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында биылға қыруар жоспардың құрылғанын жеткізіп, тіпті олардың бірнешеуін тізбектеп берді. Аймақ басшысы: «Алдағы уақытта Түркістан индустриалдық аймағында түйе сүтін өңдейтін ірі зауыт жобасы қолға алынады. Нәтижесінде Түркістан қаласы мен Арыс, Созақ, Отырар аудандарында түйе сүтін жинау бекеттері ашылмақ»-деді.

Әлеуметтік салаға келетін болсақ, биыл 4818 отбасыға арналған тұрғын үй құрылысы басталатын болды. 2020 жылға дейін шымкенттіктер 100 пайыз, ал өзге аудандардағы халықтың 80 пайызы таза ауыз сумен қамтылады.

Медицина саласы да қарқынды дамып келеді. Жаңа техникалар алынып, нәтижесінде мамандар тәжірибелерін жетілдіруде. Бүгінгі таңда облыста 7300 жоғары білімді медицина маманы қызмет етеді. 2015 жылы оның 34 пайызы білімін жетілдіру мақсатында тәжірибесін арттырған. «Біздің дәрігерлеріміз республика бойынша білікті мамандар қатарына жатады» деген Б. Атамқұлов биыл Шымкент-Сарыағаш, Шымкент-Сайрам, Шымкент-Ордабасы бағыттарында ауданаралық травматологиялық орталықтар ашылатынын айтты.

Облыс әкімі басшылық тізгінді қолына алысымен Оңтүстік өңірі жаңа технология үдерісінен қалып қоймау қажеттігін қатаң қолға алған тұғын. Соның нәтижесінде «Smart Ontustik» жобасы пайда болды. Бұл жобаның мақсаты халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта аталған жоба арқылы тұрғындар үйлерінде отырып-ақ балабақша кезегіне тұру, жер телімдерін рәсімдеу және денсаулық сақтау бағытына қатысты мәселелерін жүзеге асыра алатын болады. Сондай-ақ, аймақ басшысы өз сөзінде облыстың жеке бренді пайда болғанын айтып қалды. «Ол «ONTUSTIK» сөзінен алынған «ON» сөзі. Осы арқылы Оңтүстік ұғымын халыққа ұғындырудамыз. Оны «оң іс», «оң бағыт», «оң бата» секілді сөздермен байланыстырдық. Сондай символдар арқылы облыс рухын асқақтатын боламыз. Енді бізде өндірілетін немесе шығаралытын әрбір өнім осы «Оңтүстік» сөзімен байланысты болады. Мысалы, «Оңтүстік өнімдері», «Оңтүстік өндірісі», «Оңтүстік дақылдары» және тағы басқалары»,-деді аймақ басшысы.

Өз сөзінде әкім мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша демеу көрсетіп, тұрақты жұмыспен қамтып отырған жергілікті кәсіпкерлерге алғыс айтуды да ұмытпады.

Жарты сағаттан астам уақыт баяндама жасаған әкімнің сөзінен кейін кездесуге келген тұрғындар өз сауалдарын жолдады. Жиын соңында Бейбіт Бәкірұлы: «Шымкент – жүрегіме өте жылы қала. Оның дамуына бар күш-жігерімізді саламыз»-деп, сөзін қорытындылады.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Еркін Нұржанов екінші әйеліне үйлену туралы ұсынысты телефон арқылы айтқан

Әнші Еркін Нұржанов  "Той жыры" бағдарламасында қазіргі жарына қалай қол жеткізгенін айтып берді. Жұлдыздың айтуынша, ол болашақ жарын   7-8 жылдан бері жақын араласып жүрген ағасының үйінде кездестір...

Korrespondent.kz Мәдениет

Жамбылда 6 жастағы баласынан айырылған ана әлі төсек тартып жатыр

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылындағы бала өлімінен кейін марқұмның анасы әлі есін жия алмауда. Төсек тартып жатыр. Бұл туралы Азаттық хабарлады.  ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін  киімі өзгеретін болды

Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік...

Korrespondent.kz Спорт

Шымкентте жылу құбырынан шарананың денесі табылды (видео)

Әлеуметтік желілердің бірінде жан түршігерлік видео пайда болды. Онда тұрғындар (коммуналшылар да болуы мүмкін) жылу құбырларының бірінен шарананың денесін тауып алған.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter