Шымкенттік жастар балалар үйіне барып, палау таратты
Шымкенттің белсенді жастары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы барып, қой сойып, палау таратты. Асты әзірлеу үшін ұйымдастырушылар 16 жылдан бері аспаз болып келе жатқан өзбекстандық маман Нұриддин Сабировты шақыртан. Бұл бастама Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "25 игі іс" шарасы аясында ұйымдастырылып отыр. Жастар тегін ас таратып қана қомай, концерттік бағдарлама қойды. Мақсат – ата-ана қамқоррлығынан айырылғандарға қуаныш сыйлап, көңілдерін көтеру. Балалар үйіндегі кездесу барысында жастар тәрбиеленушілермен ашық пікірлесіп, ел ертеңінің берік болуы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені айтылды.
- Шымкент жастары
- шымкент