Астаналық студенттің өліміне қатысы барлар өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде аталған жан түршігерлік оқиғаға қатысы бар деген күдікпен төрт адам қамауға алынды және есімдері белгілі болды. Олар марқұмның жерлесі - Аян, Нұрбек, Виталий және Андрей есімді азаматтар.
Аталған іспен Астана қалалық ішкі істер департаменті айналыспайтын болды. Бұл қылмыстық істі ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы тергеу тобы қолға алды. Күдіктілердің әрекеті дәлелін тапса, олар өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Себебі алдын ала сөз байласып, ұйымдасқан түрле адам өлтіру аса ауыр қылмыс түріне жатады.