ОҚО-да әкімнің баспасөз хатшысы күйеуіне тоқал іздеді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Дүйсенбi, 15 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да әкімнің баспасөз хатшысы күйеуіне тоқал іздеді

Фото: Г.Қабылбекованың "фэйсбуктағы" парақшасынан алынды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған жазбасы арқылы көпшіліктің жағасын ұстатты. Әкімдіктік қызметкері Гаухар Қабылбекова күйеуіне жар іздейтінін көпшілікке жайып салған. Бұл туралы Qaznews.kz-ке сілтеме жасап qamshy.kz хабарлады.

 

Пост авторы: «Парламентте көкелеріміз бен апаларымыз екі әйел алуға рұқсат беру туралы заңды әлі талқылап келеді. Бір мәмілеге келе алмаудың басты себебі — көкелеріміздің үйдегі жеңешелерімізден аса алмауында болса керек. Басқалай себебін көре алмай тұрмын. Әйелдерге келсек. Екінші әйел әперуден неге қорқатындарын әсті түсінбеймін (өзімді ондайлардың қатарына қоспаймын). Нәзік жандыларымыздың өзімшілдігі тұтастай ұлттың жойылуына әкеп соқпасын бір күні. Олай ойлауға да негіз бар. Бүгінде қазақ даласын бедеулік жайлады. Оны медицина саласының мамандары да растап бере алады. Ал, бала туғызуға қабілетті ер азаматтарымыз әйеліне 10 бала таптыра алмай жүр. Себеп, зайыбының «денсаулығы көтермейді». Денсаулығы жарамаса, бір күйеуге зар болған, оң босағада отырған қыздарымыз қаншама, солардың бірін әпер. Әлде, еркек өмір бойы бір әйелге табынып өтуі керек пе?! Табынуы қажет болса, ақылымызбен табындырайық, өзімшілдігімізбен емес. Алсын екінші әйел, шамасы келсе үшіншісін алсын, көбейсін. Әрбірінің несібесі өзінде. Бұл айтқандарымды әйелдер қолдамайтынын білемін. Еріктері білсін. Бірақ кетем деген еркекті ешкім ұстап тұра алмайтынын да ұмытпаңыздар. Қытай елі екінші балаға рұқсат беріпті. Олардың көбейгенінің көкесі енді болады. Біз қайдан көбейеміз? Әйелдер отырса, бөліспеймін деп. Еркектер отырса, әйелім көнбейді деп. Заңның қабылданбай жатысы анау /депутаттардың да әйелдері бар емес пе, олардың келісімінсіз заң да қабылданбайды-ау.
Күйеуіме бір ұл, бір қыз сыйладым. Құдай қанша берсе де, көпсінбес едім. Әйтсе де, бермегенін тартып ала алмайсың. Үйлен дедім. Әзілден тыс. Екінші әйелді таңдауды өзіме салды. Сонымен, кастинг жариялаймын… Қазақтың санын көбейтемін деген қыздар болса, кандидатурасын қарауға әзірміз. Заңның қабылданғанын күтіп жүргенде, елімізді қара қытай қаптап кетер» деп жазған. Мұны оқып, жұрт қызу талқыға салды. Бірі келісті, құптады, «орынды уәж» деді, енді біреулері Гаухар Қабылбекованы сөккендей болды. «Кастинг» жариялаған әпкеміздің жазбасы кейбірінің жағасын да ұстатты. Тіпті сайт тілшісі күйеуіне жар іздеген келіншекпен жеке тілдесіпті.  Бір қызығы, әкімдік қызметкері бұл әрекетіне таң қалудың қажеттігі жоқтығын айтып, тіпті теріс пікір білдіргендерге кәдімгідей ренжіп отырғанын да жасырмаған. «Бала-шағамның бауырлары көп болса, оған неге мен қарсы болуым керек?... Жігіттердің тапшылығы сезілуде. Сондықтан кейбірі бұйырғаны осы деп, шетелдіктердің етегінен ұстап кетіп жатыр. Өзге ұлттың көбеюіне атсалысып жатқан қыздарды жоқ дей алмайтын шығарсыз. Ендеше рұқсат беру керек, ер азаматтарымыз саналы болса, екі әйелдің де қадіріне жетер деп ойлаймын өз басым» деп ой бөліскен Г.Қабылбекова. Сондай-ақ, ол бүгінде жас қыздардың кейбірі отбасылы азаматтарға жабысып, соның салдарынан ойнастардың көбейетінін, бұл жетімдердің артуына себепші екенін де жасырмаған. Айта кетейік, әлеуметтік желінің парақшасына кіріп, аталған жазбаны іздеп көрдім. Бірақ бізге белгісіз себептерге байланысты оны таппадық. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Айбар
+1 Айбар 08.02.2016 21:37
Облыс әкімі баспасөз хатышысы емес екендігін біле тұра бұлай жазған сауатсыздықтың белгілері. Арзан PR, нашар мақала. Адамның жеке өмірін жұмыспен байланыстырған журналист өз кәсібінің маманы емес екендігі көрініп тұр.
Жауап беру
Гаухар Қабылбекова
+12 Гаухар Қабылбекова 08.02.2016 21:47
Мен жеке пікірімді қызметтік өкілеттігіммен байланыстырған емеспін. Сонымен қатар, бұл жазбаны облыс, аудан әкімдіктерінің ресми сайтында, немесе әлеуметтік желілердегі оларға тиесілі аккаунтта жариялаған емеспін. 2 жыл бұрын жеке аккаунтымда жеке азамат ретінде білдірген пікірімді қызметтік өкілеттігіммен байланыстыруды қисынсыз деп білемін
Жауап беру
Бекжан Смайлов
+2 Бекжан Смайлов 09.02.2016 17:26
Бүкіл ойыңызды тамаша жеткізгенсіз, әрі орынды. Толығымен құптаймын. Қайда жүрсеңізде аман болыңыз.
Жауап беру
Сабыржан
+5 Сабыржан 09.02.2016 08:55
Елді қытай экспанциясынан сақтау үшін демографиялық мүмкіндікті пайдалануға мәжбүр екенімізді түсіндірген Гаухарға мың рахмат!
Жауап беру
Мурад Бектасулы
+3 Мурад Бектасулы 09.02.2016 09:56
Мен сизбен толык келисем. Себеби казирги танда биреуден бир бала туып алып немесе биреудин зансыз токалы болуды мактанышка айналдырып эгоистик, ардан безген европага еликтейтин кыздар кобейп кетти. Шаригаттын ози бул нарсени куптайды емеспе,бирнеше айел алган ата-бабамыз кимнен кем болды!!!
Жауап беру
Мхм!
+7 Мхм! 09.02.2016 10:27
Ал енді, Гауһарды нағыз ұлтының болашағын ойлаған, ұлт анасы демей көріңдерші? !
Жауап беру
Мадина
+5 Мадина 09.02.2016 11:40
Жарайсыз Гаухар! Қолдаймын! Бұл нағыз мәрттік. Қазақтың болашағын әйелдер олймаса, еркектерден қайран қалмады!
Жауап беру
Әмина
0 Әмина 09.02.2016 12:09
Өләәәә, не дейді. Күйеуі айтқан жоқ па екен бірінші аламын деп тоқалды???
Жауап беру
Айгүл
+5 Айгүл 09.02.2016 11:43
Тамаша! Керемет ұсыныс, міне, нағыз ерін ойлаған әйел! Сіз секілділер көп болса, еліміз әлдақашан млрд болатын еді
Жауап беру
Толеген
+4 Толеген 09.02.2016 11:45
Гаухар карындасым, айналайын. Мына бир усынысын жагып барады. оте орынды котергенсин. дал казир биздин елге осындай айел азаматтары керек. Халык санын кобейтпесек, ултымыз жойылып кету кауипи бар.
Жауап беру
Мақсат
+5 Мақсат 09.02.2016 11:48
Оте жаксы айтыпсыз. Молодец! Гаухар тате, поддерживаю вас. Умничка.
Жауап беру
Гүлім
+5 Гүлім 09.02.2016 11:58
Гаухар апай, сіздің мұндай шешіміңізді мемлекет тарапынан марапаттау керек қой.)) Содан соң басқада әйелдер осындай әрекетке барады. Халық санын осындай жолмен көбейтпесек, көбейетін түріміз жоқ...
Жауап беру
Нури Камалкызы
+5 Нури Камалкызы 09.02.2016 12:02
Алгашында укпай калдым. Кейин магынасын тусиндим. Бул деген оте батыр ис. Ким куйеуин болискиси келеди дейсиз. Ал Гаухар апа улт тагдыры ушин сондай кадамга барды. Колдайык, халкым.
Нурила. БКО, Атыраудан
Жауап беру
Алдияр
+4 Алдияр 09.02.2016 12:07
Жарайсыз. Осындай аналарымыз аман болсын. Көзі жымсық қытайлардан сақтану керек. Олар бір пәсте еліңнің тас-талқанын шығарады. Демографиямыз өссін..
Жауап беру
Наз
0 Наз 09.02.2016 15:38
Гаухардың ұлттың қамын ойлап отыр дегенге...әй қайдам. Ал, ер заматтарымызға келсек екі әйел алып, оларды тең ұстауға қаухары да санасы да жетпейді. Ерік берсе еркектер ұрпақ қамын ойлап емес, қызық үшін ғана барады ондайға. Өмірге ұрпақ әкелуден басқа, оларға жақсы тәрбие беру, елдің жақсы азаматы етіп тәрбиелеу бар. Қайдағыны айтпаңдаршы. Бұл тақырып өте "серъезный" тақырып. Мәзсіңдер-ау еркектер. Қазіргі уақытта еректердің дені қандай екені белгілі ғой
Жауап беру
Курмангазы
+4 Курмангазы 09.02.2016 18:39
Айналайын Гаухар карынасым, айтканынды окып куанып отырм. Сени колдайм. Бул улт маселеси колдау керек сен сияктыларды. Озин сиякты айелдерге тусиндиру керек олар тусину керек. Мен Алматы каласынан жазып отырмын. Жеке бизнестеги адаммын саган айтар усынысым бар еди. Осы котерген маселенди биз жакка алматыга жане мемлектимиздин баскада жерлерине насихаттасан деймин. ССаган финанаосвая поддержка беруге дайынмын, жалакы да берейин. Бул болашак проблемасы. Корреспондент сайтынын ужымы Гаухар карындасыммен калай байланыссам болады бул ортак проблема котерлиген. Телефон номирин кайдан алуга болады?
Жауап беру
Zhanar
0 Zhanar 10.02.2016 10:01
Asa jaksy koterilgen masele dei almaimyn birakta ultka kerek siakty. Kurmagazy aga saittyn astynda telefon nomiri korsetilgen goi? sogan zvondap koriniz esli wynymen komekreskiniz kelse))))
Жауап беру
Сәуле
+1 Сәуле 10.02.2016 10:49
Ой, ер адамдар жағына қатты ұнағаны көрініп тұр. Шамаларың жетсе 10 әйел алыңдар! Мен өз басым екінші әйел алу дегенге қарсымын. Неге...? Себебі, қазақтың қанындағы күндестік осы екі әйел алудың салдарынан екені сөзсіз...
Жауап беру
Гулнур.
+2 Гулнур. 11.02.2016 01:27
Ой ериккенге ермек коп. Бала санда емес, сапада. Еки кундестен туган балаларда бирлик болады деп ойламаймын. Толтырып туар едик, укимет не еркектер уйде отырып бала тарбиелеуге жагдай жасаса. Ана токалшылдардын созине сенер едим, егер жесирди алып, жетимди бауырына басса.
Жауап беру
Сауле
+2 Сауле 11.02.2016 02:17
ВЫ МУДРАЯ ЖЕНЩИНА! Рахмет!
Жауап беру
Сауле
+2 Сауле 11.02.2016 02:17
Өте дурыс айткан.
Жауап беру
Сауле
+1 Сауле 12.02.2016 15:15
Менде Гаухардың пікірін қолдаймын, онсызда еркектер некесіз бала туғызып, әйелмен баланы жетімсіретіп тастап жургендер қаншама. Онымен қоса жүкті болып қалған қыздар, сәбилерін тастап немесе өлтіріпте тастап жатқан жоқпа. Бабаларымыз осындай жағдайларды болдырмас үшін бірнеше отау түтітетіп отырған емеспе. Ал қазір айналамызда біреуі сәби сұрап жыласа, біреуі сәбиін туа сала өлтіріп жатыр.
Жауап беру
Даурен
0 Даурен 12.02.2016 21:32
Ай билмедим не ангиме екенин рас алде отирик
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Қыдырәлі Болманов Жанар Айжанова екеуі арасындағы құпиямен бөлісті

Атақты әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов Инстаграмдағы жеке парақшасында әріптесі Жанар Айжанованы туған күнімен құттықтап, ерекше лебізін білдірді. Сондай-ақ, Болманов туған күн иесіне естелік реті...

Korrespondent.kz Мәдениет

ОҚО-да әкімнің баспасөз хатшысы күйеуіне тоқал іздеді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған жазбасы арқылы көпшіліктің жағасын ұстатты. Әкімдіктік қызметкері Гаухар Қабыл...

Korrespondent.kz Қоғам

Кәсіпкер Төлешовтің анасына қатысты ақпарат пайда болды (видео)

Шымкенттік «сыра паштасы», ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің отбасына қатысты жаңа дерек пайда болды. Белгілі болғандай, оның анасы Бараш Төлешова 2014 жылы қайырымдылық жасап, Оңтүстік Қазақстандағы Қас...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Айдос Сарым, саясаттанушы: «Биліктегілер халықпен ойнап отыр»

– Бұл сайлаудан соң ел өмірінде не өзгеруі мүмкін? Тағы да қазынаның қыруар қаржысы шашылайын деп тұр, осы сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің қажеттілігі болды ма?

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ Саясат

ОҚО мұғалімі емтихан бағасы қанша тұратынын еш қысылмастан айтып берді (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде сынақтан өткізу ашықтан-ашық саудалануда. «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде колледж студенттерінің сабақ барысында оқытушымен саудаласып отырған сәті ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Сапарбаев басқаратын облыста мұғалімдер дәретхана бөлмесінде жұмыс істеп отыр

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы мектептердің бірінде мұғалімдер әжетханаға арналған бөлмеде отыруға мәжбүр. Екі дәретхананың бірі 30 ұстазға арналған мұғалімдер бөлмесінде болса, екінші дәретхана мед...

Korrespondent.kz Қоғам

Түркістанда 100-ге жуық көпқабатты үй салынады

Биыл Түркістанда жалпы саны 8 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіледі. Ал өткен жылдың соңында қаланың бас жоспарына сәйкес, жаңа тұрғын үй аумағы деп белгіленген емхана және балалар ауруханасы маңынан ...

Korrespondent.kz Қоғам

Алматылық «түнгі көбелек» оңтүстіктің қыздары тұрмысқа қандай жолмен шығатынын айтып берді

Алматылық бикеш елдің оңтүстіктік бөлігіндегі қыздардың биязылығы мен қарапайымдылығына күмәнмен қарайды. Тіпті олардың көшеде босанып, балаларын қоқысқа тастап, дым болағандай тұрмысқа шығып жатқанын...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter