ОҚО-да жанайқайын айтқан тұрғынның ағасы ішімдік салдарынан қайтыс болған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 23 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да жанайқайын айтқан тұрғынның ағасы ішімдік салдарынан қайтыс болған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің есепті кездесуінде жиын тарқағанына қарамастан жанайқайын тыңдауды өтініп, «өтінішімді тыңдамаса, залдан шықпаймын» деп тұрып алған шымкенттік тұрғынның мұңына аймақ басшысы құлақ асты. Тұрғын осыдан алты жыл бұрын орын алған оқиғаны еске алып, әкімнен араша түсуді өтінді. Айтуынша, 2010 жылы өмірден озған ағасының өліміне кінәлілер әлі күнге дейін бостандықта жүр. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

 

«2010 жылдың 21 ақпанында Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінде орналасқан кәсіпорын аумағынан 1969 жылғы ОҚО тұрғыны Г.Алимбетовтің мәйіті табылған.
ОҚО ІІД Тергеу басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген тергеп-тексеру жұмыстары барысында аталған кәсіпорын маңындағы кафенің бірінде жәбірленуші өзінің достарымен бірге спирттік ішімдік ішкенін анықтаған. Облыстық сот-медициналық сараптама қорытындысы жәбірленушінің өлімі көп мөлшерде алкогольді ішімдік ішіп, денесі үсік шалуынан қайтыс болғанын көрсеткен» делінген мәлімдемеде.
 Қайтыс болған азаматтың заңды өкілдері тарапынан бірнеше рет шағым түсіріліп, тіпті эксгумация жасалып, сот-медициналық сараптамадан үш рет  өткізілген. 2015 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасының қорытындысы алғашқы сараптама нәтижесін растаған. Сөйтіп барлық сараптамалар нәтижесі мен жинақталған мәліметтер негізінде бұл жағдайда қылмыстық әрекеттің болмауынан іс қысқартылған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Еркін Нұржанов екінші әйеліне үйлену туралы ұсынысты телефон арқылы айтқан

Әнші Еркін Нұржанов  "Той жыры" бағдарламасында қазіргі жарына қалай қол жеткізгенін айтып берді. Жұлдыздың айтуынша, ол болашақ жарын   7-8 жылдан бері жақын араласып жүрген ағасының үйінде кездестір...

Korrespondent.kz Мәдениет

Жамбылда 6 жастағы баласынан айырылған ана әлі төсек тартып жатыр

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылындағы бала өлімінен кейін марқұмның анасы әлі есін жия алмауда. Төсек тартып жатыр. Бұл туралы Азаттық хабарлады.  ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін  киімі өзгеретін болды

Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік...

Korrespondent.kz Спорт

Шымкентте жылу құбырынан шарананың денесі табылды (видео)

Әлеуметтік желілердің бірінде жан түршігерлік видео пайда болды. Онда тұрғындар (коммуналшылар да болуы мүмкін) жылу құбырларының бірінен шарананың денесін тауып алған.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter