ОҚО-дағы тергеуші сауда үйінен тіс пастасын ұрлап, ұсталып қалды
Әлеуметтік желі арқылы Астанадағы «Алма» сауда үйінен 3 тіс пастасын ұрлап алып, оны бейне жазбаға мойындап тұрған келіншектің видеосы тарап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Келіншектің сөзінше, ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік кірістер департаментінің тергеушісі қызметін атқарады. Сондай-ақ қолды қылған бұйымын көрсетіп, дүкеннің де мекен-жайын толық атаған.
Аталған жазбадағы әйелдің Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері екенін аталған ведомство өкілдері мойындап отыр.
«Бейне жазбаны біз кеше көрдік. Әйелдің қолындағы қызметтік куәліктегі аты-жөні арқылы оның Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік кірістер департаментінде бас маман, аға тергеуші қызметін атқаратыны рас. Алайда азаматша білімін желідіріп, магистратурадағы оқуына байланысты, қазір жұмыста емес, ақысы төленбейтін демалыста. Оның бұл жағдайға не үшін барғанын арнайы құрылған ішкі тексеру тобы анықтайды. Сондай-ақ осы әрекетіне байланысты қандай жаза немесе шара қолданылатыны да сол кезде белгілі болады», - деді Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов.
Белгілі болғаны тіс пастасын ұрлаған азаматша 2014 жылы қаржы полиция академиясын тәмәмдаған, офицер шенінде. 2014 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың қараша айларының аралығында ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық қылмыстар бөлімінде жұмыс жасаған.
Қазір ақысы төленбейтін демалыста болса да, ол аталған мекеменің ресми қызметкері болып табылады. Комитет қызметкерлерінің сөзінше бейне жазба осы жылдың 6 ақпанында түсірілген екен.
- ЮКО
- ОҚО
- кража
- ұрлық
- қызық ақпарат