Шымкенттік тұрғын қызғаныштан әйелін балтамен шауып тастаған
Шымкентте жұбайын қызғанған ер азамат әйелін балтамен шауып тастады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не Қазығұрт мөлтекауданындағы үйдің бірінде күштеп өлтірілген әйелдің денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 1972 жылы туылған азаматша, Шымкент қаласының тұрғыны басынан алған ауыр жарақатынан қаза болғанын анықтады. Жедел іздестіру шарасы барысында 1970 жылы дүниеге келген жәбірленушінің күйеуі құрықталды.
Белгілі болғандай ерлі-зайыптылар арасында қызғаныштан ұрыс пайда болып, күйеуі әйелінің басынан бірнеше рет балтамен ұрып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- шымкент
- оқыс оқиға
- күйеуі әйелін өлтіріп қойды
- Корреспондент
- қызық ақпарат