Қарағандыдағы тастанды баланың анасына 18 жасында тұрмысқа шығуына рұқсат бермеген
17 мамыр күні нәрестесін қоқыс багына тастап кеткен Қарағанды облысы Жезқазған қаласының маңындағы Кеңгір ауылының 18 жасар тұрғыны өзінің 20 жасар жігітіне үйленбек болған, деп жазады Today.kz осы үйдің досы болып келетін Әйгерім Азизоваға сілтеме жасай отырып.
Ата-анасы қызының тым жас кезінде тұрмысқа бергісі келмеген. Ол жақында ғана 18 жасқа толған. Ол өзінің 20 жасар жігітімен ұзақ кездесіп жүрген. Нәрестенің әкесі де сол. Ол жергілікті, Кенгір ауылынан – дейді Әйгерім Азизова.
Көкек ана Жезқазаған колледжінде білім алады екен.
Таңғысын ол Жезқазғанға сабағына кететін, ал кешкісін ауылға қайтатын. Оның ата-анасы қатал, сондықтан ол жүктілігі туралы айтудан тайсалған. Оның анасы акушер-гинеколог, ол бұл салада ұзақ қызмет еткен. Қазір онда жұмыс істемейді. Әкесі ауылда сыйлы адам, ол кісі де медик – дейді Әйгерім.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Айжан Исаның хабарлауынша, жеті айлық нәрестенің қазір жағдайы жақсарып келеді.
- Қарағанды облысы
- Жезқазған
- қарағандылық бойжеткен
- баласын қоқысқа тастап кетті
- оқыс оқиға
- Корреспондент
- қызық ақпарат