ОҚО-да әр аудан әкімі жылына 23 млн теңге жалақы алады
Министр, әкім, прокурор мен полицейге бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды. Бұған дейін құпия ұсталып келген мәлімет «Ашық бюджет» сайтына жарияланып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Әзірге 6 министрлік, Бас прокуратура мен Алматы, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдері алдағы үшжылдық шығындарын жариялапты. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда әр аудан әкімінің жалақысына деп жылына қазынадан 23 миллион теңге бөлінеді екен. Ал, әскерилер, полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің емделуіне жылына 5 миллиард, Ішкі істер министрлігіне болса, статистикалық ақпарат әзірлеу үшін 342 миллион, теңге қаралған. Бас прокуратура жас мамандардың біліктілігін арттыру үшін келесі жылы 1 миллиард 72 миллионнан астам теңге жұмсамақ. Энергетика министрілгі экологиялық мониторинг жүргізуге 5 миллиард теңге алмақ.
- ЮКО
- ОҚО
- акимы
- әкімдер
- зарплаты акимов
- әкімдердің жалақысы
- бюджет
- қаржы
- Корреспондент
- қызық ақпарат