Қарағандыда баласын қоқысқа тастаған ана: "Баланы өлтіргім келсе, оған тәсіл көп"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 25 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Қарағандыда баласын қоқысқа тастаған ана: "Баланы өлтіргім келсе, оған тәсіл көп"

Қарағанды облысында қоқыс багынан табылған сәбидің 18 жасар анасы өз баласының өмірін қиюға тырыспағанын айтады, деп жазады Today.kz прокуратурадағы мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып.

 

"Ол қайта сәбиді қоқыс багының көрінеу жеріне қойып, өмірін сақтап қалғысы келгенін айтады. Оның айтуынша, өлтіргісі келсе, оған тәсіл көп еді, бірақ олай істемеген. Дегенмен, сәбидің бетін дәретхана қағазымен жауып, осы арқылы тыныс алуын неге қиындатқанын түсіндіре алмады", - деп хабарлайды прокуратурадан.

Сәбидің анасын қызметтік иттердің көмегімен тапқан, иттер із тауып, бойжеткеннің тұрып жатқан үйіне әкелген. Қазір онымен тергеуші жұмыс істеп жатыр және оған тағылатын айып, "Қауіпке қалдыру" бабынан "Сәбиді анасының өлтіруге тырысуы" бабына аурыстырылды.

Қазіргі кезде ол Жезқазған ауруханасында гинекологтардың қарауында жатыр. Денсаулығы түзелгеннен кейін қандай бұлтартпау шарасы қолданылатындығы шешіледі.

Естеріңізге салсақ, 17 мамыр күні Қарағанды облысында қоқыс багынан жергілікті тұрғын пакетке оралған сәбиді тауып алған.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, бала дүниеге жеті айлық болып келген. Далада ұзақ жатып қалғандықтан суық өткен. Қазіргі кезде ол инкубаторға жатқызылды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкентте жоғалып кеткен 12 жастағы Балнұр табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім Балнұр Насыр аман-есен табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстанда педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланған сайт пайда болды

Қазақстанда педофилдерді есепке алу және олар туралы мәліметтер ашық түрде жарияланатын болды.

Korrespondent.kz Қоғам

Журналистер "Қазақ радиосы" үш жылдан бері "аптекаға" айналғанын айтып министрден көмек сұрады

"Қазақ радиосының" Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер жаңа құрылған Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдап, 95 жылдық тарихы бар радионың "аптекаға" айналғанын а...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)

Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter