ОҚО-да екі жігіт 76 жастағы зейнеткерді тонап кетті
Оңтүстік Қазақстан облысында шардаралық полицейлер 76 жастағы зейнеткерді тонаған екі күдіктіні құрықтады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Шардара АІІБ полицейлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында Шардара қаласының 76 жастағы зейнеткерін тонаған 1984 жылы туылған жергілікті тұрғынды өзінің 29 жастағы сыбайласымен бірге құрықтады.
Тергеу анықтағандай, күдіктілер спиртті ішімдік ішу әсерінен, жергілікті зейнеткер таныстарын тонамақ болған.т кешкісін, олар жәбірленушінің үйіне кіріп, үй иесіне шабуыл жасаған. Қолын қайырып, күшпен 200 АҚШ доллары және 100 мың теңгеден аса ақшасын тартып алып, қылмыс орнынан ізін суытқан. Ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР ҚК 191-бабымен «Тонау» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер кепілдікпен жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.