Қарақат Қыдырәлінің әйелі болғысы келетіндердің көптігін сезіп, туған күніне тоқал алып беретін болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қарақат Қыдырәлінің әйелі болғысы келетіндердің көптігін сезіп, туған күніне тоқал алып беретін болды

Өнер мен өмірде жұптары жазылмаған Қарақат пен Қыдырәлі отауында жақында той болуы мүмкін. Жолдасы Қыдырәлінің туған күніне толғанып тұрып құттықтауын жеткізген әнші Әбілдина өз сөзінде Қыдырәліге екінші алып беру туралы шешім қабылдағанын да жеткізді.

 

«Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын... Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын... Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның қазақ мәдениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес... Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыға келдім....Алғаш рет 18 жасымда ғашык болдым...3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес....Сөйтіп жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып, өзiне ғашык қылған нағыз Ер азаматқа тән өр мiнез, ешкiмге ұқсамайтын өзiне ғана тән болмысы, тектiлiгi еді ...Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы, ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты... Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес... Қыдекең өсек-аяңнан қашанда биік болды, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қорғап, қолдап келедi... Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім...», - деп өмірі туралы сыр шеткен Қарақат Әбілдина жолдасының туған күніне ұсынғалы отырған сыйлығын айтып, «инстаграм» парақшасында көпшіліктің таңданысын тудырды.

«Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық.

Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым... Көп....Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын бойжеткендер аз емес ... Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын», - деген ол күйеуіне тоқал сыйлайтынын жазды. Және де ол «Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бір қауымның жүгiн көтеретiн сенде қажыр-қайрат жеткiлiктi... Сен бастаған тiрлiктiң берекесiз аяқталған кезі болған емес...», - деп Қыдырәлі Болмановтың екі шаңырақты теңдей ұстай алатынына сенім артты. Тіпті сөзінің соңында оқырмандары бұрыс түсініп қалмасын деген оймен «Альхамдулиллах! Бiзде барі жақсы! Иншалла жақсы болады да... Туған күнiңмен жаным!», - деп сөзін түйді өнер иесі. Алайда бұл жаңалықты көбі қалжың деп түсінген. Кейбірі «қасықтап жиған абыройыңызды бір күнде жоқ қылдыңыз» деп сөксе, келесісі «біреу тойып секірсе, екіншісі тоңып секіреді»деп қарсылықтарын танытты.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter