Ділнәз Ахмадиева қазақ тілі курсына барып жүргенін айтып мақтанды
Танымал әнші Ділнәз Ахмадиеваның қазақ тілін кәсіби түрде үйреніп жүргеніне бір жарым ай болыпты. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасында әнші осылай деді. Сондай-ақ өнер иесі алдағы арманымен де бөлісті. Бағдарлама жүргізушісі Қоянбаев Ділнәзге арманын орындауға көмегін беруге тырысатынын айтып жеткізгенімен, жұлдыз «Жоқ, мен үш баланың анасы болғым келеді және ол сенің қолыңда емес» деген сынды жауап қатты. Одан өзге Ахмадиева өнердегі қызықты оқиғаларын да айтып өтті.
«Қызықты оқиға талай болған ғой. Үш рет тура концертке шығар кезімде сахнаның артында аяқ киімім жоғалып, тығырыққа тірелгенім бар. Бірақ амалын тауып сахнаға шығып өнер көрсеттім. Әсіресе Республика сарайында өткен кештердің бірінде құрбымның 38 мөлшерлі аяқ киімін киіп шыққанмын. Құрысын, сахнаға шыққанымды қайтейін, қозғала алмай, ән орындадым ғой» деп өткенін бір күліп еске алды әнші.
- Ділнәз Ахмадиева
- Дильназ Ахмадиева
- шоу бизнес
- өнер жұлдызы
- мемлекеттік тіл
- Корреспондент
- қызық ақпарат