Шымкенттік Шүменов Лас-Вегаста Джуинормен кездеседі
Ауыр салмақтағы WBA тұжырымының уақытша чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов америкалық Джуниор Райтпен жұдырықтасады. Жекпе-жек 21 мамыр күні өтеді.
Жоспар бойынша бұл жекпе-жекті көрермендер АҚШ-тың Showtime телеарнасында арқылы тамашалай алады. Кездесу Лас-Вегастағы «The Cosmopolitan» аренасында өтеді. Ақпарат ретінде айта кетейік, алғашында әуесқой, кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған Шымкенттен шыққан Шүменов бұған дейін 18 рет жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында жеңіске жеткен. Ал оның қарсыласы Райт 17 кездесудің 15-інде жеңіс тұғырынан көрінген.
- Бейбут Шуменов
 - Бейбіт Шүменов
 - бокс
 - ЛасВегас
 - ақш
 - спорт
 - Корреспондент
 - қызық ақпарат
 

