ОҚО-да жоғалған бойжеткенді такси жүргізушісі "отверткамен" өлтіріп, бидай алаңына көміп кеткен
Оңтүстік Қазақстанда 2 апта бұрын жоғалған студент қызды такси жүргізушісі азаптап өлтірген. Скочқа оралған мәйітті жырақтау жерге апарып көміп кеткен. Бірақ қаскөй алысқа ұзай алған жоқ. 26 жастағы Сарыағаш тұрғыны қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. Бұлтуралы КТК арнасы хабарлады.
- Күдіктінің айтуы бойынша, Шымкент қаласына жақын «Арғымақ» автомобиль базары тұсында машинасы бұзылып қалған. Содан жолаушы қыздың арасында сөзбе-сөз жанжал туындаған. Күдікті өз машинасындағы отверткамен көкірек тұсынан бірнеше мәрте жарақат салғанын мойындады. Анықталғаны Оспанбекованың ұялы телефонын түнде бір кез пайдаланған. Сосын өз кластасына 11 мың теңгеге сатып жібергені анықталып отыр, - деді Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков.
Айгерімнің денесі өзі тұратын Жаңатұрмыс ауылынан 25 шақырым жерден табылды. Бойжеткенді азаптап өлтірген азғын оны бидай егілген алаң шетіне көме салған. Екі аптадан бері жатып қалған мүрде ит-құсқа жем бола бастаған екен. Таяз қазылған орды шибөрілер қазып кеткен болуы керек, мүрденің қолы жердің бетіне шығып қалыпты. Оны егістік аралаған диқанның бірі тауып, полицейлерге хабар берген. Ал, күдіктінің өзі Әйгерім тұратын Жаңатұрмыс ауылына көршілес Жібек жолы елді-мекенінің 26 жастағы тұрғыны екен. Екі бала тәрбиелеп отырған Әлішер қыздың телефонын қолданып, сол арқылы қолға түскен.
Бойжеткенді бүгін жақындары жер қойнына табыстады. Мүрдені ауыл жанындағы бейітке қойған жұртта қайғымен қатар, ашу мен ыза басым. Айгерімнің айуандықпен өлтірілгенін кеше ғана білген ел кінәліні қатал жазаға тартсын деп отыр.
Ал, қайғыдан қан жұтқан жақындары болса кешеден бері ес жия алар емес. Айгерімнің әкесі суыт хабарды естігелі қан қысымы көтеріліп, төсек тартып қалған.
- Үміттендік. «Алып қашқан» шығар деп ойладық. Хабаршы келіп қалатын шығар деп. Зұлымдықпен өлтіріп отыр. 3 жерінен пышақ тыққан. Аузын скотчтап тастаған. Қолын сөмкесімен байлап, екі аяғын скотчтап байлап тастапты,- деді марқұмның анасы Сахида Ахметова.
Айта кетейәк, ауылынан Шымкенттегі оқуына шыққан Айгерім Оспанбекова екі апта бұрын із-түзсіз жоғалған болатын. Үш күннен соң бойжеткеннің туыстары мен курстастары, жалпы жүз елуге жуық ерікті бүкіл Сарыағаш пен Шымкентті шарлап іздеді. Соңғы мәрте құрбысына жолдаған хабарламасында такси жүргізушісінен қорқып отырғанын жазған. Қаскөй сол күні-ақ Әйгерімді жайратып салыпты. Қазір елдің Әйгерімді зорлауы да мүмкін деген жорамалы тексеріліп жатыр. Сараптама қортындысы осы күдікті растаса қылмыскердің жазасы айтарлықтай ауырлары анық.
- Айгерім Оспанбекова
- Айгерим Оспанбекова
- Сарыағашта қыз жоғалды
- такси жүргізушісі өлтіріп кеткен
- оқыс оқиға
- Корреспондент
- қызық ақпарат