Жұма намазға қатысқан Шымкенттің әкімі Елбасы туралы толғаулы әңгімесін айтып берді
Бүгін Шымкенттегі қалалық мешітке жұма намазын оқуға жиылған жамағаттың алдына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шығып сөз сөйледі. Әкім өз сөзін «бисмилахи рахмани рахим» деп бастап, содан соң жұртшылыққа өзін таныстырды. Кейін Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа сіңірген еңбегіне, атқарған жұмыстарына тоқталды, деп жазды oinet.kz.
- Біз ешкімге құл болмай, жалынбай өмір сүріп келе жатырмыз. Кеңес одағы тараған кезде Қазақстан экономикасы төмен елдердің бірі еді. 25 жыл ішінде ТМД-дағы ең бай ел болдық. Америка, Еуропамен бірдей елміз. Елбасы Отанымызға ең жаншыр тұлға. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған ел. Елбасының саясатының арқасында шекарамызды шегендеп алдық,- деген әкім бұдан кейін «Біз бәріміз алдымен Аллаға сенеміз, одан кейін Алла жіберген Елбасының саясатына сенуіміз керек»-деді.
Ғ.Әбдірахымов сондай-ақ, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Шымкентте жолдар салынып жатқанын, 3-4 жылдың көлемінде қаланың ең басты проблемаларының бәрі шешіліп, Шымкент Алматы, Астана сияқты үлкен қалаға айналатынын айтты. Әңгімесінің соңында ол қалаға, халыққа адал қызмет етуге сөз берді.
- Ғабидолла Әбдірахымов
- Габидолла Абдрахимов
- аким Шымкент
- Шымкент әкімі
- Корреспондент
- жұма намазы
- қызық ақпарат