Елімізде бала көтере алмай жүрген 1 млн-нан астам әйелдің көбі халық емшілерін жағалап кеткен
Елімізде 1 миллионнан астам әйел бала табуға қабілетсіз. Яғни, ерлі-зайыптылардың 20 пайызы бедеуліктің зардабын тартуда. Бұл көрсеткіштен шошыған отандық дәрігерлер дертпен күресудің жаңа тәсілдерін енгізіп жатыр. Егер әйел тұрақты емделсе, біржарым жылыдң ішінде ана бақытын сезіне алады, бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.
Елімізде бала туа алмай жүрген әйелдердің көбі дәрігер емес, халық емшілерін аралап кетеді екен. Осылай, ауруын асқындырып алғандар көп. Қазір отандық медицина бедеулікпен күресуге қауқарлы. Мәселен, осы саладағы білікті маман Сәдуақас Мұстафаев талай отбасына сәби сүю бақытын сыйлаған. Профессор Мұстафаев өзіне келген бес әйелдің үшеуі 1 жарым жыл 2 жылдың ішінде бала көтергенін айтты.
Бедеулікті емдеуге мүмкіндік алған мамандар, науқастардың ішкі ағзаларына тиіспей де ота жасай алады. Әсіресе, жатыр сақтап қалу операциялары оң нәтиже беруде. Мұнымен отандық медицинадағы жетістіктер бітпейді. Бір ғана наркоздың көмегімен бірнеше операцияны қатар жасай аламыз дейді дәрігерлер. Яғни, қайта-қайта пышаққа түспей, бір оқпен бірнеше қоянды атуға болады. Айта кетсек, мұндай отаның енгізілгеніне 3 жылдан асқан. Сондықтан мамандар сырқат белгісі пайда болғанда-ақ бақсы-балгерді жағаламай, медицинаға жүгінуге шақырып отыр.
- бала сүю
- қызық ақпарат
- Корреспондент
Себебі қытай ешқашан жақсы ниетпен бізге тауар экоспорттамайды.
Қытай лапшасы еркектерге белсіздік пен ұрықсыздануға алып келеді екен.
Сондықтан мүмкіндігінше қытайдың тауарын пайдаланбаған абзал.