Қанат Бозымбаев: "Мен орысша сөйлейінші?"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 26 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Қанат Бозымбаев: "Мен орысша сөйлейінші?"

Фото: www.respublika-kaz.info

Бүгін Астанада басталған баламалы энергетика бойынша I саммитінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев сұхбатты орыс тілінде беруді өтінді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бұл салада терминология көп. Сондықтан мен орысша сөйлейінші?», - деп сұрады министр. Қазақ тілді журналистер оның бұл өтінішін құптағаннан кейін министр баламалы энергетика тақарыбына арналған сұхбатын орыс тілінде берді.

Айта кетейік, жақында аталған мәселені ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да көтерген. «Шыны керек, министерство инвестиций (инвестициялар және даму министрлігі – авт.) дейміз ғой, олар хаттарынан шатасып жатады, қазақша аударғанда. Енді, анау жаңадан келген сөздер не өздері түсінбейді. Соны бәріміз...Инвестицияның өзін өзгертіп жатамыз бірнеше...», - деді ол қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуі кезінде.

Сол кездесуде А.Мұхамедиұлы тіл мәселесінің бір бөлігі мәдениет және спорт министрлігінде, бір бөлігі білім және ғылым министрлігінде екенін жеткізген. «Тіл мәселесі бойынша мәдениет және спорт министрлігін сынағанда біз білім және ғылым министрлігіне сілтейміз. Ал оны сынға алғанда бізге сілтеп жатады. Бізге жақсы болды, бір-бірімізге сілтейміз де, нақты жауап беретін ешкім жоқ», - деді А.Мұхамедиұлы. Оның айтуынша, қазіргі кезде министрлік тіл мәселесін нақты бір мекемеге беру қажеттігін алға тартып отыр. «Әйтпесе, Қазтест білім министрлігінде, әдістемесі бізде. Шыны айту керек, екі жақтағы жұмысты үйлестіре алмай жатқан жағдайымыз бар», - деді ол. Осы орайда ол тіл мәселесін жер дауымен салыстырды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да жоғалған бойжеткенді такси жүргізушісі "отверткамен" өлтіріп, бидай алаңына көміп кеткен

Оңтүстік Қазақстанда 2 апта бұрын жоғалған студент қызды такси жүргізушісі азаптап өлтірген. Скочқа оралған мәйітті жырақтау жерге апарып көміп кеткен. Бірақ қаскөй алысқа ұзай алған жоқ. 26 жастағы С...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қайрат Нұртас Шымкенттегі кілем фабрикасында жұмысшылармен бірге тегін ән шырқады (видео)

Қазақстандық танымал жұлдыз Қайрат Нұртас Шымкенттегі «Назар-Текстиль» тоқыма кілем фабрикасында болды. Өндіріс орнының жұмыс барысымен танысқан жұлдыз шымкенттік кілемдерді көріп, қуанғанын әрі таң қ...

Korrespondent.kz Мәдениет

"Азаппен өлтірілген студент" оқиғасынан кейін шымкенттік полицей жүрек тебірентер хат жазды

Күні кеше бүкіл елді дүрліктірген Оңтүстік Қазақстан облысында болған қайғылы жағдай жұртшылықтың қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Зәбірмен өлтірілген сарыағаштық студент Айгерім Оспанбекованың отбасы...

Korrespondent.kz Қоғам

Қанат Бозымбаев: "Мен орысша сөйлейінші?"

Бүгін Астанада басталған баламалы энергетика бойынша I саммитінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев сұхбатты орыс тілінде беруді өтінді, деп хабарлайды Baq.kz. «Бұл салада терминология көп. Со...

Korrespondent.kz Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter