Театр актері Тілеуханды Пайғамбар көріп кеткен жұртқа ақыл айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 22 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Театр актері Тілеуханды Пайғамбар көріп кеткен жұртқа ақыл айтты

Фото: www.namys.kz

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен қаламгер Бейбіт Сарыбайдың жерге қатысты айтқан ойлары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптің пікірі екіге бөлінді. Осы жайтқа қатысты театр актері Бақыт Тушаев өз пікірін «фэйсбуктағы» парақшасында жазып, көпшілікке ой тастады.

 

«Ақиқатқа тура қарайық ағайын. Бейбітті соншама сөгетіндей орынсыз нәрсе айтқан жоқ. Косорев, Перуашев тар жерді жалға беруге болмайды деп айтқан сөзді Бекең айта алмады. Халық Бекболатынан күтті. Салмағы бар саясаткер бір айтса Бекең айтады тіліп тұрып деп ойлады. Ал ол кісі пікір айтпақ түгілі микрофон нан қашқақтап журналистерден айналып өтіп кабинетіне қамалып отырып алған жоқпа. Үкімет алдындағы беделін ойлаймын деп халық алдында беделін түсіріп алғаны анық ақиқат шындық. Оны сырттай мойындамасаңыздарда іштеріңіз сезіп отыр. Сосын неге Бекеңді сонша пайғамбар көріп кеттік, ал жанындағылар сахабалар ма? Біресе Абайға апарып тіреп қоямыз. Ол кісі де пенде ғой. Ақыл жастан, асыл тастан деген. Дана халқымыз 13-тегі баланың төрелігін, айтқан сынын ақсақалдары да мақұлдаған. (оған дəлелел өте көп). Бейбіт те ағасының жағасына жармасатын сіздер ойлағандай өресіз емес. Елдің өкпе назын орынды жеткізді» деп жазды актер. Одан өзге өнер адамы депутат Бекеңнің қалың елмен қайта жақын байланыс орнататын уақытта да болжап берді.

«Енді төрт жыл шыдаңыздаршы, Бекең қалың елі қазағымен əлі-ақ қауышады, ел сүйінер сөздерін айтып жұрт көңілінен шығар талай іске мұрындық болады. Бекең өз арнасын табады əлі. Қазіргі саясат ағамызды өз керуеніне қосып алып арнасын бұрып жіберді. Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң дейді. Бұның бəрі уақытша тірлік қой. Мандаттыңда срогы біткен соң Бекеңді алты алашы қайта құшағына алады. Халық қағылез байқампаз емес пе, мұңын айта білсең, дұрыс бассаң, алақанында аялайды, ал бұрыс бассаң, сол алақанымен тартып жібереді» деген Тушаев жұртшылықты Бекеңе адвокат болуды қою қажеттігі туралы кеңес берді.

«Ол кісіні мақтағандар ақылды (жұмаққа кіреді), даттағандар ақымақ (тозаққа кіреді) деген сыңар жақ пікірлерің Бекең мен халқының арасын одан əрі ушықтырып жатқанын неге түсінбейсіздер. Тілеуханның тұяғына нағыз жанашыр адам бұлай істемейді. (Əсіредіншіл тым таяз ойлайтындардың құлағына алтын сырға). Ал Бекболат ағасы Бейбіт інісінің сөздерін қате десе онда жауап берсін, сөзімен емес ісімен табандылығымен азаматтық ұстанымымен, өзі жайлы айтылған негативті пікірлерді теріске шығарсын. Оған Бекеңнің ақыл-ойы, парасаты иманы өресі де жетеді. Тек сабыр етейік. Қазақ Бекболатынан, Бекболаты қазағынан алыс кетпейді.. (бірақ оған дейін төрт жыл бар əлі)» деп ойын түйіндеді актер. Алайда бұл жазбаны оқығандардың бірі  «Мораторий Бекеңнің мандатының мерзімі біткенше күтпейді. Батыл қадам қазір керек, əйтпесе қалың қауымның күдігі расталғанда бəрі кеш болса, құрып кеткір мандат жоғалтқанымызға жалғыз өзі кінəлі дей алмаймыз ғой» деп алаңдаушылық танытқан.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Театр актері Тілеуханды Пайғамбар көріп кеткен жұртқа ақыл айтты

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен қаламгер Бейбіт Сарыбайдың жерге қатысты айтқан ойлары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптің пікірі екіге бөлінді. Осы жайтқа қатысты театр актері Бақыт Туша...

Korrespondent.kz Қоғам

Жұма намазға қатысқан Шымкенттің әкімі Елбасы туралы толғаулы әңгімесін айтып берді

Бүгін Шымкенттегі қалалық мешітке жұма намазын оқуға жиылған жамағаттың алдына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шығып сөз сөйледі.  Әкім өз сөзін «бисмилахи рахмани рахим» деп бастап, сод...

Korrespondent.kz Қоғам

Кеңесте телефонын шұқылап отырған депутат Тілеухан фотограф суретке түсіріп алды деп уайымдады

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан өзін суретке түсірмек болған фоторгафқа тиісті деп хабарлайды Baq.kz- ке сілтеме жасап NUR.KZ. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Тимур Құлыбаев: "Біз Риоға таза баруымыз керек"

Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар допингтен таза болуы тиі. Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев антидопингке қатысты жиында осылай деді, деп жазды Baq.kz...

Korrespondent.kz Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter