Шымкентте дөңгелегінің резеңкесі шықса да тоқтамаған қоғамдық автобус жолаушыларды шошытты (видео)
Шымкенттегі қоғамдық автобус жүргізушілері жолаушыға таласып, жаппай жарыс ұйымдастыруды қойып, енді көпшілікті жаңа қырымен таң қалдырды. Олар автобусты дөңгелексіз айдауға көшіпті.
Жақында ғаламторда дөңгелегінің резеңкесі шыққан қалалық жолаушылар автобусының жолда кетіп бара жатқан видеосы пайда болды. Бұл көрініс желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Тағы бір атап өтерлігі, шымкенттік қоғамдық көліктердегі оқыс оқиғалар мұнымен шектелмек емес. Ойламаған жерден едені түсіп кетіп, салдарынан жолаушы аяғын екі жерден сындырып алған жайт та орын алған. Бұл да әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Белгілі болғандай, зардап шеккен келіншек енді көлік компаниясын сотқа бермекші.
Медиа
- шымкент
- транспорт
- қоғамдық автобус
- шымкенттік жолаушылар
- шымкенттік қоғамдық жолаушылар көлігі
- Корреспондент
- қызық ақпарат