Қайрат Нұртас Шымкенттегі кілем фабрикасында жұмысшылармен бірге тегін ән шырқады (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қайрат Нұртас Шымкенттегі кілем фабрикасында жұмысшылармен бірге тегін ән шырқады (видео)

Қазақстандық танымал жұлдыз Қайрат Нұртас Шымкенттегі «Назар-Текстиль» тоқыма кілем фабрикасында болды. Өндіріс орнының жұмыс барысымен танысқан жұлдыз шымкенттік кілемдерді көріп, қуанғанын әрі таң қалып отырғанын жасырмады. Өз сөзінде әнші отандық өнімді әрқашан қолдайтынын және өзі де жиі тұтынып жүргенін алға тартты.

 

Фабриканың атқарушы директоры Якуб Думанның айтуынша, өндіріс орнындағылар қазақ эстрадасының он шақты жұлдызына арнайы хабарласып, өз өнімдерін қолдауға шақырған екен. Алайда әзірге Қайрат Нұртастан өзгелері оң жауап бермепті. Директор мұндай бастама арқылы алдымен отандық өнімге деген сұраныстың артарына сенімді. Одан өзге қарапайым жұмысшылар сүйікті әншілерін өз көздерімен көріп, көптен бергі армандары орындалғанын да жасырмады.  

«Фабрика басшылығы менің директорыма хабарласып, осындай ұсыныстарын айтыпты. Қазақ азаматтарының ешбір шетелдік инвесторлардың көмегінсіз ашып отырған мұндай жұмысын біз қолдауымыз қажет қой. Ұсынысты ести сала, қуана келістім. Өндіріс орнының жұмысымен танысып, таң қалып отырмын. Негізі Шымкентте зауыттар көп қой. Әсіресе жылыжай» деген Қайрат Нұртас өзі де отандық өнімді жиі тұтынатынын жасырмады.

«Өздеріңіз білесіздер, менің «KN» деген атаумен  киім цехым бар. Отыз шақты қызметкерім балабақшалар мен әншілерге киімдер тігеді. Менің де көп киімдерім сол цехтың өнімдері. Сонымен қатар  өз ауламда жылыжай әдісімен қызанақ пен қияр егіп, соны қыс бойы жеп шықтық» деп ағынан жарылды өнер иесі.

Танымал жұлдызбен кездескен фабрика қызметкерлері сүйікті әншілеріне арнап «Ауырмайды жүрек» әнінің әуенімен ән шырқап берді. Өз кезегінде әнші де қызметкерлермен бірге ән айтып, естелікке суретке түсті. Мұнан соң фабрика ұжымы Нұртастың бейнесі бейнеленген кілем сыйлады. 

Айта кетейік, қазақстандық жұлдыздар арасында қаламақысы жағынан көш бастайтын өнер иесі фабрикаға жасаған сапарына ешқандай гонорар алмаған. «Отандық өнімді қолдауға шақырып, бастама көтерген фабрикадан қалайша ақша алуым керек? Мен жүз емес, екі жүз пайыз қолдаймын мұндай жұмысты» деген әнші бұған дейін аталған өндіріс орнынан қос кілем сатып алып үлгерген. 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Депутаттың кедейі жоқ...

Дәулетті депутат – қалыпты жайт. «Тегін адам таз болмас» дегендей, халық қалаулысы атану үшін де жағдай мен қаражат қажет. Көбісі кәсіпкер, миллионер бизнесмен, бұрынғы шенеунік, жалпы алғанда қоғамда...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Саясат

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: «Дайын емессің бе, онда жемқорлықпен күресемін деп айтпай-ақ қой»

Биыл Қазақстанның егемен ел болғанына ширек ғасыр толады. Өкінішке қарай, құлқынының құлына айналып, мемлекет қаржысына қол сұғатын сұғанақтардың саны кемитін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттал...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Отырардағы емхананның «потологы» опырылып түсті

Пайдалануға берілгеніне көп болмай жатып, құлап қалатын құрылыс нысандары кейінгі кезде көбейіп барады. Қарағандыдағы «Бесоба» кешеніндегі көпқабатты үйлердің өкініші әлі ұмытыла қойған жоқ. Оның ізін...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Дамыған 30 ел баяғы жартастың басында ма?

Қазақстанда кедейлер саны 2,5 миллионды құрапты. Бұл – елдегі барлық азаматтардың 14%-ы! Дүниежүзілік Банк жуырда жариялаған баяндамасында Қазақстанның әлеуетіне сараптама жасап, елімізде кедейшілікті...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter