ОҚО-ның бір ауданынан 40 азамат солтүстікке кетті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 27 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-ның бір ауданынан 40 азамат солтүстікке кетті

Фото: gdb.rferl.org

Сарыағаш ауданында «Серпін» бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  ОҚО мәслихатының хатшысы Қ.Айтөреев және мәслихат депутаттары қатысқан жиында ішкі көші-қонды реттеу арқылы өңір тұрғындарын Солтүстікке қоныстандыру туралы бастама айтылды.

 

Шара барысында Сарыағаш ауданы әкімі Б.Парманов ауыл жастарын солтүстік өңірлерге барып, ауыл шаруашылығындағы озық технологиялармен жұмыс жасап, тың жерлерді игеруге шақырды.

Аталған жиынға қатысқан аудан тұрғындары бағдарламаға үлкен қызығушылық танытып, сауалдарына тиісті жауаптарын алды.

Ұсынысты жүзеге асыру мақсатында Солтүстік өңірлерінің тыныс-тіршілігімен танысып қайту үшін жұмысшы топ құрылып, жергілікті 40 азамат Сарыарқа төсіне аттанды деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Солтүстікке көшуге ниеттенгендердің алдымен ол өңірдің табиғатымен танысып, кейін жұмыс таңдауына мүмкіндігі бар.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

"Азаппен өлтірілген студент" оқиғасынан кейін шымкенттік полицей жүрек тебірентер хат жазды

Күні кеше бүкіл елді дүрліктірген Оңтүстік Қазақстан облысында болған қайғылы жағдай жұртшылықтың қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Зәбірмен өлтірілген сарыағаштық студент Айгерім Оспанбекованың отбасы...

Korrespondent.kz Қоғам

Желі қолданушылары Шымкенттегі жалаңаштанған әйел мүсінін әбден мазақ етті

Шымкенттің орталығындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан жалаңаштанған әйел азаматының мүсіні осыдан бірнеше жыл бойы орнатылғанымен, желі қолданушыларының көзіне енді түсіпті. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Қазақстанның Мәдениет министрі өзінің орынбасары арқылы қырғыздардан кешірім сұрады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қырғыздарды ренжіткен сөздері үшін кешірім сұрап, өз ойының теріс мағынада қабылданғанын жеткізді. Бұл туралы вице-министр Ғалым Ахмедьяровтың ...

Korrespondent.kz Саясат

Отырар ауданында он жыл бұрын мектеп бітіргендер жерлестерін қуантып тастады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында мектеп бітіргеніне он жыл болған түлектер жерлестеріне ерекше тарту жасады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   ...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter