Ән айтатын ОҚО-дағы қала әкімі халықтың «жүрегіне» жылу сыйлауды бастап кетті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертайдың бастамасымен «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты акция бастау алды.
Бұл шара 27 мамырға дейін жалғасады деп жоспарлануда. Аталған акция қаладағы білім ұяларын бұрынырақ, мәселен, 5-10 жылдан да астам уақытта бітіріп кеткен түлектердің қолдауымен өтеді. Мақсат - халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың жүректеріне жылу сыйлау. Сонымен қатар тұрмысы төмендерге қайырымдылық көрсету болып табылады. Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласының әкімі журналистер алдында атқарылған жұмыстары туралы есебінен соң кез келген кедергілерден Шәмшінің "Арыс жағасында" әнін айтып, оңай құтылып кететінін мәлімдеген болатын.
- Сейіт Ертай
- Ертай Сейіт
- Арыс қаласының әкімі
- Аким города Арысь
- ОҚО
- ЮКО
- Корреспондент
- қызық ақпарат