Төрт ай театрда тұрған режиссер үйлі болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 20 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Төрт ай театрда тұрған режиссер үйлі болды

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Отбасын Таразға тастап келген театр қызметкеріне облыс әкімі төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы Академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Қуандық Қасымовтың отбасы өткен жұма күні осындай қуанышқа кенелді.

Осыған дейін театрдың гримдеу бөлмесінде 4 ай өмір сүрген режиссердің жағдайын жақында «Әйел сыры» спектаклінің премьерасына келген әкімге театр басшысы мен қызметкерлері айтқан көрінеді. Осы жолы мұны аяқсыз қалдыр-мауға уәде берген облыс басшысы сөзінде тұрып, көп ұзамай оны арнайы қабылдап, құттықтапты. 

Отыз жылдан бері еліміздің мәдениет саласына үлес қосып келе жатқан Қуандық Қасымов мырзаның жасы бүгінде елу үште. 1984 жылы Жамбыл облысы қазақ драма театрынан өз жұмысын бастаған ол биыл ОҚО-да «Абылай ханның арманы» атты спектакль қойыпты. Режиссердің айтуынша, осы қойылымнан кейін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Сымайылханқызы мен театр директоры Қалтөре Жұмағұлов оны жұмысқа шақырып, тамыз айының төртінде театрдың көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындаған. Содан бері ол Сәбит Досановтың «Тозақ шеңбері», Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық айы» мен Б.Әбдіразақовтың «Әйел сыры» атты спектакльдерін қойған.

Жаңа пәтеріне қоныстанып жатқан ол: «Облыс әкімінің бұл тартуына ие болуымды театрдың мәртебесінің арқасы деп білемін. Отбасымызбен өнердің басы-қасында жүрміз. Әйелім де Жамбыл облысындағы драма театрдың әртісі. Өнерде жүрсе де төрт ұл, үш қызды өмірге әкеліп, алтын алқа иегері атанды. Екі немерем бар. Балаларымның алды үйлі-жайлы болса, кішілері әлі мектепке барады. Таразда да үйіміз болған, қиналғанда сатып жібердік қой. Қазір енді бәрі бір ұлымның үйінде тұрып жатыр. Осы балаларымның несібесі шығар. Алла қаласа, жазға таяу отбасымды осында алып келу ойымда бар»,-дейді. 

Естеріңізге сала кетейік, театрда сахналатын қойылымдарға аса талғампаздықпен қарауды, барлық жанрлар бойынша көркем идея таба білуді мықтап меңгерген режиссер осыған дейін М.Байжиевтің «Құдалар», Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні», Е.Әлімжановтың «Жанұран», Д.Исабековтың «Пері мен періште», Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» сынды пьесаларын қойған. 

Сондай-ақ ол 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қырғызстан Республикасының «Мәдениеттің мықты қызметкері» төс белгісімен марапатталған. Ал 2007 жылы «Қазақстан ардагерлері» кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының рөлін үздік сомдағаны үшін «Батыр шапағаты» медалін иемденген.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Отандық азық-түлік сатып алған Назарбаевтың төлеуге ақшасы жетпей қала жаздады (видео)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қалтасына 5 мың теңгеден артық ақша салып жүрмейтін болып шықты.

Korrespondent.kz Саясат

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

97
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

97
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

86
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

91
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

86
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter