Амантай ӘТЕНОВ, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: «Бағаны Ливерпуль биржасы белгілейді»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 20 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Амантай ӘТЕНОВ, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: «Бағаны Ливерпуль биржасы белгілейді»

  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

– Амантай аға, алғашқы сұрақты егіс алқабынан жиналған өнім көлемінен бастасақ...

– Өнім көлемі ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі таңда облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 772,5 мың гектарды құрайды. Оның 255 мың гектарына дәнді дақылдар егілді. Бұның 246,2 мың гектарындағы өнім орылып, әр гектарынан 21,9 центнерден өнім жиналды. Ал ақ алтын 99,25 мың гектар жерге егілген болатын. Алқаптардан 265 мың тоннадан астам шитті мақта жинауды межелеген едік, 248 мың тоннадан асты. Мұның өзі жақсы нәтиже. Бастысы, шаруалар шығынға батқан жоқ. Оның үстіне биыл өткен жылмен салыстырғанда мақта егілген жер көлемі азайған. 

– Оңтүстіктің бір миллионнан астам халқының табыс көзі болып отырған мақта алқабы туралы толығырақ тоқталып өтіңізші...

– Былтыр 127,5 мың гектар жерге мақта егілген-тұғын. Көріп отырғандарыңыздай, биыл 28,5 мың га жерге кеміді. Егіс алқабының кемуіне зиянкестердің көбеюі, сондай-ақ мақта аурулары себеп болып отыр. Міне, сондықтан да соңғы жылдары өңірімізде мақта алқабы қысқартылып, оның орнына ағын суды аз қажет ететін дақылдар, әсіресе жоңышқа алқабы артты. Негізінен ауыспалы егін жүйесі жердің құнарлығын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Қарапайым мысал, жыл сайын мақта егілетін жер құнарсызданып, мол өнім алуға кесірін тигізеді. Міне, сондықтан да егін шаруашылығында ауыспалы егін әдісін қолданып отыру қажет. Құнарсыз жерге егін еккеніңмен, пайда жоқ. Шығынға батасың. Соның ішінде жоңышқаны алайық. Жоңышқа санитарлық рөл атқарады. Зиянкестер аз болып, топырақ азотпен қамтамасыз етіледі. Ал, ақ алтын егілетін жерді арттыру мәселесіне келсек, қазір өздеріңіз білесіздер, баға тұрақталып, былтырмен салыстырғында 20-25 теңгеге артты. 2016 жылы 110,6 мың гектарға шитті мақта егуді межелеп отырмыз. 

– Шаруалар арасында енді ақ алтын бағасы бірнеше жыл өзгермейді екен деген болжам бар. Жалпы, бағаны бірқалыпты ұстап тұру мүмкін бе?

– Бағаны бекіту біздің басқарманың құзырында емес. Оны Ливерпуль биржасы белгілейді. Біздің ойымызша алдағы уақытта мақта бағасы көтерілмесе, кемімеуі керек. Белгілісі, бағаны біреше жыл ұстап тұру мүмкін емес. 

– Бағаға қатысты тағы бір сауал. Мақта еккен кейбір шаруалар үшін бағаның кешіктіріліп бекітілуі мақта теру науқанына кесірін тигізіпті. Бұған не дейсіз?

– Ақ алтын бағасын биржа жыл он екі ай беріп отырады. Сол себептен бекітілген баға бізге кешігіп келді дегенмен келіспеймін. Қыркүйектің басында шитті мақтаның құны бекітілді. Бірақ биыл білесіздер, облысымызда күз мезгілі жаңбырлы болды. Бұл теру жұмыстарына кедергісін тигізеді. Шүкір деп айтайық, науқан аяқталып, өнім зауытқа түгелімен өткізілді. Ары қарайғы жұмыс біздің міндет емес.

– «Мақтаның орнына өзге өнім еккендер шығынға баттық, қайта керісінше, биыл мақта еккендер пайда көрді» дейді шаруалар. Келісесіз бе?

– Жоқ, ешқандай да шығынға батқан жоқ. Қайта керісінше, көкөніс еккендер лайықты өнімін жинап алды. Соның арқасында егін шаруашылығында жиналған өнім айтарлықтай артты. 

– Соңғы сауал, мақта шаруашылығын кәсіп еткендер келер жылы жерді өңдеу жұмыстарының бағасы аспанға шарықтап кетеді екен деп қорқып жүр. Шынымен солай бола ма?

– Қазір - нарықтық экономика заманы. Баға көтерілмейді немесе кемиді деп айту қиын. Өйткені жерді қайта өңдеу жұмыстары жанармай бағасына да байланысты. Техника жанармайсыз жүрмейді. Ал жерді жырту, жалпы қайта өңдеуді техниканың көмегінсіз жүргізе алмайсың. 

– Түсінікті. Сұхбатыңызға рахмет. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Отандық азық-түлік сатып алған Назарбаевтың төлеуге ақшасы жетпей қала жаздады (видео)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қалтасына 5 мың теңгеден артық ақша салып жүрмейтін болып шықты.

Korrespondent.kz Саясат

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

87
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

87
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

79
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

86
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

79
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter