Жер бетін қара қытай қаптамасын...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 20 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Жер бетін қара қытай қаптамасын...

Бейне bnews.kz сайтынан

Қытай «Бір отбасы – бір перзент» саясатынан бас тартты. Елді билеуші Қытай компартиясы халық санын реттеуге қатысты ұстанымын жұмсартатынын мәлімдеді. Алайда, заң түрінде бекітілген жоқ, мұны әлі парламент мақұлдауы тиіс. Отыз алты жылдан бері Қытай «бір отбасы – бір перзент саясатын» қатаң сақтап келді. Бұл өз кезегінде елде жасанды түсік пен заңнан тыс туған баланы өлтіріп тастаудың өршуіне әкеп соқтырған. Тек 2013 жылдың соңына қарай билікке жаңа буын өкілдері келісімен бұл саясатты қайта қарау мәселесі айтыла бастаған-ды.

Енді елдегі компартия уәдесін орындауға көшкен тәрізді. Аспан асты еліндегі танымал веб-сайт, әрі интернет сауданың алыбы «Alibaba Group Holding Ltd» порталының хабарлауынша, биліктің мәлімдеме­сінен соң елде бала тууға қатысты кітаптар мен мақалаларды іздей­тіндер саны жүз есеге бір-ақ өсіпті. Дегенмен, қытайлықтардың дені бұл хабарды байыппен қабылдап отыр. Халықаралық агенттіктер жүргізген сауалнамада сұралғандардың көпші­лігі қазіргі экономикалық жағдайда екінші бала туудың тым қымбатқа түсетінін айтыпты. «Хунань Daily» газеті келтірген дерек бойынша аттас провинцияның отбасын жоспарлау саласының бір шенеунігі екінші перзент күтіп отырған отбасылардың жазаланбайтынын айтқан. Алайда, Ұлттық денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау комиссиясы бұл хабар заң жүзінде бекітілмейінше қолданыстағы заң мен отбасын жоспарлау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін жариялады. 

Синьхуа агенттігі елдегі екі бала тууға құқылы 11 миллион отбасының тек 1,5 миллионы ғана отбасы мүшелерінің санын ұлғайтуға ниет білдіргені туралы дерек келтіреді. Ал, «Alibaba» сайтының дерегі бойынша бала туу туралы кітаптарды іздегендердің дені шағын қаладағы ауқатты отбасылар. Пекин мен Шанхай сияқты «алдыңғы эшелондағы» қалалардың тұрғындарының қос перзент бағуға құлшынысы төмен екен.

Аспан асты еліндегі «Бір отбасы – бір перзент» науқаны 1979 жылдан бастау алған еді. Ондағы мақсат ҚХР-дағы тұрғын санын 2000 жылға қарай 1 миллиард 200 миллионнан асырмау болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде оған түзетулер енгізіліп отырды. Жалпы алғанда, алға қойылған міндетті орындалды деуге келеді. 2000 жылдың 1 қарашасында Қытайда көзделген меже жүз-ақ миллион адам шамасына асып кетті. Мұның қатарында елде құжатсыз тұрғандар мен екінші перзентті жасырып туғандар да бар. Заңды айналып өту үшін көптеген отбасылар іргесіндегі Гонгконгқа барып босанып жүрді. Ал, бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Тек соңғы жылдары ғана ҚХР мен Гонгконг билігі «аналық туризммен» күресті жүйелеп, құрлықтағы Қытайдан босануға келетіндерге квота енгізудің арқасында жолға қойды.

Бертін келе бағдарламаның кесір тигізетін тұстары да көріне бастады. Елде қарт тұрғындар қатары күрт көбейіп, сәйкесінше экономикалық белсенді бұқара азайып кетті. Одан қалды, гендерлік ара салмақтың алшақтауы басталды. Көпшілігінің ұлды болуды армандауының аяғы Ханзу елінде ерлердің әйелден көп болуына әкеп соқтырған. Ресми дерек бойынша қазір мұнда ер азаматтардың саны әйелдерден 20 миллионға көп. Бұл айырмашылық 2020 жылға қарай 24 миллионға жетеді деген болжам бар. Қытай билігі түрлі шаралар арқылы ерлі-зайыптыларды қыз бала тууға ынталандырғанымен, қалыптасқан дәстүр дегенін істетіп отыр. Аталарымыз кезінде «ақырзаман боларда жер бетін қара қытай қаптайды» деп отырушы еді. Қытай екі бала тууға рұқсат берсе айтқандары айнымай келгелі тұр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Отандық азық-түлік сатып алған Назарбаевтың төлеуге ақшасы жетпей қала жаздады (видео)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қалтасына 5 мың теңгеден артық ақша салып жүрмейтін болып шықты.

Korrespondent.kz Саясат

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

87
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

87
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

79
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

86
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

79
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter