Кенжегүлдің есімі көлеңкеде қалып қойды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 20 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Кенжегүлдің есімі көлеңкеде қалып қойды

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Сонау сексен алтының жетоқсанындағы оқиға еркіндікке ұмтылған елдің рухын ұмыттырмай, жыл сайын жаңа деректермен толығып, қайта-қайта жаңғырып, біз білмеген деректер шыға бермек. Бірақ, жартас алыс болған сайын жаңғырықтың да әлсірейтіні сияқты, сол оқиғаның құрбаны болған кей есімдер бүгінде көмескіленіп барады. 

Сондай есімдердің бірі – Кенжегүл Молданазарова. Бүгінгі Ордабасы ауданындағы Қараспан ауылының тумасы. 1986 жылдың 18 желтоқсанында Алматының көшесінде келе жатқан 19 жастағы аруды әскери жасақ сабап тастайды. Алаңға шыққан жастарды жаппай қырып, көздері қанталағандар жас қыздың басына сопер күрегінің қырымен ұрыпты. Соққы самай тұсқа тиген. Алматының ауруханасында оған тиісті ем көрсетпей, шығарып жіберген. Содан, Арыс, Шымкенттің ауруханаларында қаралғанымен ауыр зақым емдеуге келмеді ме, әлде «бүлікші» деген таңба басылған бойжеткеннің күтімі дұрыс болмаған ба, әйтеуір, Шымкентте оған шипа қонбапты. Содан, анасы Тәшкенге алып барғанда миына қан құйыла бастағаны анықталады. Кенжегүл Молданазарова операция үстелінде дүние салған. 

Қызының жазықсыз жапа шеккеніне нала болған анасы Мақпал Молданазарова Конституциялық сотқа жүгінген. Өз арызында ол мектепті алтын медальмен бітіріп, Алматыдағы дәрігерлік институтқа түскен қызының желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға немерелес сіңлісі, байланыс техникумының студенті Анар Бәдренованың қайда екенін білуге барғанын айтқан. «Қызымның өліміне кінәлі қанішер солдаттар мен милиция қызметкерлері және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде талап етемін», - депті бойжеткен қызынан бейуақта айырылған ана. (Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 9-том, 265-бет.)

...1986 жылдың 21 желтоқсанында Орта Азия және Қазақстан бойынша Ішкі Әскер басқармасында өткен (Горький мен Амангелді көшелерінің қиылысында) шұғыл жиында жедел бөлімнің бастығы полковник Щербаков мынадай дерек келтіреді: желтоқсанның 17-19 аралығында 168 адам қаза болған. Соның 8-і ішкі әскер сарбазы, 4-еуі шекарашы-курсант, 1 Алматы гарнизонының милиция қызметкері.

P.S. Желтоқсан көтерілісінде қаза болған қазақ жастарының саны туралы әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Алматының «Батыс» бейітінде сол оқиғаның артынша пайда болған аты-жөні жоқ 58 мола туралы да айтылмай кетті. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінд...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Бердібек Сапарбаев қар тазаламаған қызметкерлеріне ұрсып тастады (видео)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлеріне ашуланғаны соншалық, эмоциясын жасыра алмады. Бұл туралы youtube.com хостингіне Асқар Ақтілеуі есімді азаматты...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Отандық азық-түлік сатып алған Назарбаевтың төлеуге ақшасы жетпей қала жаздады (видео)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қалтасына 5 мың теңгеден артық ақша салып жүрмейтін болып шықты.

Korrespondent.kz Саясат

Елбасы орысшаға қазақ тілінде жауап беретіндерді жұмыстан қуатынын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орысша хатқа қазақ тілінде жауап беретіндер жұмыстан қуылатынын ескертті. Бұл туралы SN.KZ хабарлады. 

Korrespondent.kz Саясат

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

87
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

87
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

79
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

86
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

79
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter