Показать содержимое по тегу: Бейбут Атамкулов
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оңтүстік Қазақстанда 1478 маман баспаналы болды

Оңтүстік Қазақстан облысында бір ғана «Дипломмен ауылға» жобасы асында 1478 маман баспаналы болды. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жамболат Олжатай осылай деді. 

Подробнее ...

ОҚО-да биліктің шарасыздығынан ауыл халқы 11 жылдан бері ауыз сусыз отыр

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Достық елді мекенінде он үйді паналаған халық он бір жылдан бері  ауыз су мен көгілдір отынсыз өмір сүруге мәжбүр. Бұл жағдайды шешуге биліктегілердің ле құзыры жетпей келген. Оған себеп - ауылдың шекараға жақын орналасуы. 

Подробнее ...

Сарыағаштықтар солтүстікке көшіп жатыр


ОҚО-да 50 отбасы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныс аударды. Күнгейден теріскейге көшкен жұртшылық енді оңтүстікке қайта оралмаймыз деген сенімде.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында 50 отбасы өз еріктерімен солтүстік өңірге қоныс аударды. Олар енді Ақжар мен Уәлиханов аудандарының тұрғыны атанады. Бұл Елбасының оңтүстік жұртшылығын солтүстікке көшіру туралы тапсырмасына сай жүзеге асып отыр. Жергілікті билік бұл бағдарламаның бар екенін және тәуекелге бел буатындарға қолдаудың түр-түрі болатынын жеткізгені сол, 50 отбасы бірден келісе кеткен. Олар қоныс аудармас бұрын жергілікті кәсіпкер әрі облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабековтың демеушілігімен солтүстік өңірін аралап, танысып шыққан. Енді кәсіпкердің арнайы дайындаған көлігімен солтүстікке жол тартты.
56 жастағы Айбибі Дүйсенбекова солардың бірі. Бір ұл мен қызды тәрбиелеп отырған ол ауылда күн көру қиынға соққанын жасырмайды. Баспанасыз күй кешкен олар туыстарының үйін паналаған. Ал ұлы ауыл арасында жолаушы тасымалдап, отбасын асырап келген.
"Кейде оның өзі де жетпей қалады" деп әңгімесін бастады қоныс аударушы әйел. "Осындай ұсыныс айтылғанда ұлым мен келінім, қызым солтүстікке көшуге асықты. Өзім де оларды қолдадым. Бастысы бір Қазақстанның жері. Өзге елге кетіп жатқан жоқпыз. Бұйыртса ұлым дәнекерлеуші, ал келінім балабақшада тәрбиеші болып жұмысқа тұратын болды. Өзім де бір жерге аспаз болып жұмысқа орналасуға бекініп отырмын. Ал тіл мәселесі бізге қиындық туғызбайды деген ойдамын. Біз орыс тілін еркін меңгергенбіз" деп ағынан жарылды үлкен сеніммен қоныс аударып отырған ана. Тіпті ол енді оңтүстікке қайтып келмейтінін де айтып қалды. Жоқшылықтың тауқыметін талай жылдан бері тартып келген ананың жүзінен "енді бәрі жақсы болады" деген сенімділікті байқадық.
Аудан әкімі Бұхарбай Пармановтың айтуынша, тек қана Дүйсенбекова емес, солтүстікке көшіп жатқан барлық отбасының жағдайы түзеледі. Тіпті бизнесті қолға алғандар кәсібін дөңгелетуге үлкен мүмкіндік алмақ. Ал жұмыссыз жүрген сарыағаштықтар ол жақта тұрақты жұмыспен қамтылып, тіпті мал немесе егін шаруашылығын қолға аламын дегендерге, жер беріледі. Одан өзге қаржылай қолдау тағы бар. Мәселен, көшіп жатқан әр отбасының отағасына 105 мың теңге берілсе, жанұяның өзге мүшелеріне, тіпті жаңа туған сәбиіне дейін әрқайсысына 75 мың теңгеден қайтарымсыз қаржы төленеді.
Баспана мәселесі де шешілген. Оны депутат Ағабеков өз мойнына алған.
"Барлық отбасы бара салып баспаналы болады. Ондағы үйлердің құны 300-500 мың теңге аралығында екен. Отбасы иелері ол жаққа жақсылап жайғасып, мемлекеттен берілетін көмегін алғаннан кейін үйге кеткен қаржыны қайтарар. Тағы айта кететінін, солтүстікте мал мен егін шаруашылығымен айналысатын ұжым құрылмақшы. Оған қажетті техниканың бәрін алып қойдық. Бұйыртса, теріскейдегі игерілмеген жерлерді игеріп, ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамиды деген ойдамын",-деді депутат. Халық қалаулысының бұл әрекетіне жер дауы түрткі болыпты. "Жерді сатпаңдар" деп митингке шыққан халықтың жақтасы болған ол "неге өз жерімізді өзіміз игермеске?" деп осындай қадамға барыпты. Алдағы уақытта оңтүстіктен барғандар солтүстіктің ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Әсіресе жылыжаймен аты шыққан сарыағаштықтар үшін бұл мәселе түк қиындық туғызбауы тиіс.
Бұған дейін Сарыағаштан 28 отбасы солтүстік жаққа қоныс аударып қойған. Ал екі аптадан соң тағы 50 отбасы ол өңірге көшпекші. Олар да биліктің қолдауынсыз қалмайды деп сендірді аудан әкімі.
Айта кетейік, Сарыағаш ауданы аймақтың халқы көп аудандарының бірі. Мұнда 300 мыңға жуық халық тұрады. Ал жыл сайын 10 мыңдай бала дүниеге келеді.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter