Шымкенттік қариялар батасын сатып, күн көріп жүр
Шымкентте жасы егде тартқан азаматтар Мемлекеттік туды сатып, оған қоса бата беріп, күн көріп жүр. Бұл туралы біздің редакцияға сайт оқырманының бірі арнайы видео жіберді.
Видео бүгін, 6 ақпанда түсірілген. Автордың айтуынша, жасы келген азамат "Жоғарғы базар" аумағында жол бойында, әсіресе бағдаршамға тоқтаған әрбір көлік жүргізушісіне мемлекеттік туды 200 теңгеге сатып, оған қоса қариялық батасын береді екен. Тіпті қазіргі дағдарыс заманына қарай саудасын 150 теңгеге түсіруді жөн санапты. Бата беруші ақсақал бұл әрекеті арқылы тек қана табыс таппай, Мемлекеттік Рәміздің қадір-қасиетін түсіндірумен айналысады.