Жоғалып кеткен студенттің ісіне қатысты күдіктілер ұсталды
Астанада полицейлер жедел іздестіру шарасы кезінде жоғалып кеткен студенттің ісіне қатысты 3 күдіктіні қамауға алды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«10 ақпанда сағат 22.00 шамасында жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері із-түзсіз кеткен 1992 жылғы Ерасыл Әубәкіровтің өлі денесін тапты»,-делінген хабарламада.
Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен үш күдікті тұлға Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетсек, Астанада 23 жастағы медицина ЖОО-ның студенті емтихан қарсаңында жоғалып кеткен. Студентті достары, туыстары іздестіріп, оны табуға еріктілер де жұмылдырылған болатын.
- Астана
- студент