Желі қолданушылары Шымкенттегі жалаңаштанған әйел мүсінін әбден мазақ етті
Шымкенттің орталығындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан жалаңаштанған әйел азаматының мүсіні осыдан бірнеше жыл бойы орнатылғанымен, желі қолданушыларының көзіне енді түсіпті.
Шымкенттік тұрғындардың бірі мүсін фотосын желіде жариялағаны сол еді, өзге қолданушылар мүсінге қатысты пікірлерін қарша жаудырды. Тіпті пікірлер екіге бөлініп, ондағы әйел азаматының өзге ұлттың өкілі деп қалжыңдап болжам жасағандары да табылды. Сонымен қатар қолданушылар мұны Астанадағы жартылай жалаңаштанған «Ғашықтар» мүсініне орамал жапқан тұрғынды дереу Шымкентке шақыру керектігін де атап өтуді ұмытпады.
- шымкент
- жалаңаштанған мүсін
- Корреспондент
- қызық ақпарат