"Азаппен өлтірілген студент" оқиғасынан кейін шымкенттік полицей жүрек тебірентер хат жазды
Күні кеше бүкіл елді дүрліктірген Оңтүстік Қазақстан облысында болған қайғылы жағдай жұртшылықтың қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Зәбірмен өлтірілген сарыағаштық студент Айгерім Оспанбекованың отбасына көңіл айтушылар саны сағат санап артуда. Бұл жайтқа шымкенттік полицейлер де бей-жай қарай алмады. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан әлеуметтік желі арқылы қаза болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтып, жүрек тебірентер хат жолдады.
«Баланы жоғалтқаннан ауыр жəне қорқынышты ештеңе жоқ шығар. Бұл жағдайда қатысты тамшыдай болса да жеңілдететіндей сөз табу қиын болып отыр. Дəл қазір сізге өте ауыр екенін білеміз. Шын көңілден қайғыңызға ортақпыз» деп жазған полицей қауіпсіздік шаралары туралы да атап өтуді жөн санаған.
«Бұл қайғылы оқиға, өкінішке орай, осыған ұқсас ауыр қылмыстар қатарын тағы да толтырды. Бүгінгі таңда жекеменшік таксилер азаматтар үшін қауіпті болып отыр. Қым-қуыт, үнемі жылжуды қажет ететін тіршілікте тіпті жеке бас қауіпсіздігімізді ұмытып кететініміз бар. Осыған байланысты, Шымкент қаласының ЖПҚ тасымалдау қызметін пайдаланушыларды қарапайым ғана қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Бұл, ең бастысы - жекеменшік тасымалдаушылардан бас тартып (сонымен қатар заңсыз такси қызметі), ресми тіркелген таксиді шақыру. Тиісті техникамен, байланыс құралдарымен жəне GPS-навигатормен жабдықталған таксилерде жеке бас қауіпсіздігімен қатар, жүргізушімен дауласудан жəне көліктің бұзылу қаупінен де құтыласыз.
Есте сақтаңыз, бұндай мүмкіндігі жоқ, қаладан шалғай ауылды жерлерде көлікке отырғанда, туыстар мен достарыңызға автокөліктің мемлекеттік нөмірін, шамамен келетін уақыты мен жүргізуші туралы жеке мəліметті хабарлауыңыз қажет. Навигациясы бар телефон болған жағдайда, оны жылжу барысында қосу керек.
Есте сақтаңыз, жеке бас қауіпсіздігіңізге немқұрайды қараймын деп, бағалы заттарыңыз бен ақшаңызбен қатар, өз өміріңізден де айырылуыңыз мүмкін. Өмірімізді бұдан да жақсартуға бірге күш салайық. Жолдарыңыз əрқашан ашық болсын. Шымкенттегі жергілікті полиция қызметінің атынан қайғырып көңіл айтамыз. Құрметпен, Данияр Мейірхан» делінген желідегі хабарламада.
- МПС Шымкент
- жергілікті полиция қызметі
- Данияр Мейірхан
- Данияр Мейрхан
- шымкенттік полицейлер көңіл айтты
- Корреспондент
- қызық ақпарат