Билік «Қожанасырлардан» құтылып, өтірігіне иландыра алатын «Алдар Көселер» табуы керек
Сәт сайын құбылған дәл қазіргі аласапыран заманда Қазақстанның аса күрделі, қиын кезеңге аяқ басқанын ешкім жоққа шығара алмас. Уақыттың беталысы алабөтен. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа бастап барады. Жаһандық дағдарыстың қамыты біздің мойынға да ілінді. Экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады.