Бір тонна бензиннен 6 доллар алатын кімдер?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Дүйсенбi, 15 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Бір тонна бензиннен 6 доллар алатын кімдер?

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Қазақстанда бензин бағасының 60 % мұнайды өндіру мен тасымалдауға кететін шығындар, 22% оны өңдеуге, тағы 16% түрлі салықтарға кететін шығындардан құралады екен. Қалғаны оны сататын делдалдардың табысы. Бұл осы саладан хабары бар мамандардың келтіретін цифрлары. 

Осы жақында ғана «Қазақстандағы бензин бағасы – әлемдегі ең арзандардың қатарына жатады» деген ақпарат тарады. Сол жерде бензинді бізден арзан сататын елдердің тізімі де берілген. Сонда деймін-ау, өз мұнайы жоқ елдермен салыстырсақ біздің елдегі сұйық отын құны арзан екен. Ол түсінікті. Ал, өз мұнайы бар мемлекеттер ішінде қазақстандық бензиннің қымбат болуын жоғарыда айтылған аргументтермен түсіндіргісі келетіндер жеткілікті. Есесіне біздің елде бензиннің бағасы қалай қалыптасатынын дөп басып энергетика министрінің өзі де айтып бере алмайды. Өйткені, Қазақстандағы жанармай бизнесінің түсініксіз, түсініксіз болғандықтан қараңғы тұстары көп.

Мысалы: қондырғысы көнерген мұнай өңдеу зауыттарын жаңалауға қыруар қаржы табылады. Ал, төртінші мұнай зауыты әлі күнге дейін салынған жоқ. Осы уақытқа дейін ешкім жүйелеп тұрып, көкейге қонымды дәлелдермен неге жыл сайын егін егу мен жиын-терім науқаны тұсында мұнай зауыттары жөндеуге жабылып қалатынын түсіндіріп бере алған жоқ. Бейресми ақпараттар бойынша ай сайын әр өңірге бөлінетін жанармайдың әр тоннасынан жергілікті «қарақшылар» 6 доллардан үлестерін алатын көрінеді. Мәселен, бір облыс бір айда 100 мың тонна жанармай тұтынатын болса 600 мың доллар жергілікті дөкейлердің қалтасына кетіп жатыр деген сөз. 

Өткен аптада, мұнай бағасының арзандауына байланысты Еуропадағы бірнеше елде бензин арзандады. Еуропаны айтпағанда, көрші Қырғыз елінде де сұйық отынның құны аздап түсті. Әйтсе де олар біз секілді мұнайлы мемлекет емес. Қара алтын мен одан шығатын өнімдерді өзгелерден сатып алады. Ал, бізде бензин неге қымбат? Мұны біз осы мақала арқылы энергетика министрінен сұрайық. Егер жауап беріп жатса алдағы нөмірімізде оқырманның назарына ұсынатын боламыз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Қыдырәлі Болманов Жанар Айжанова екеуі арасындағы құпиямен бөлісті

Атақты әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов Инстаграмдағы жеке парақшасында әріптесі Жанар Айжанованы туған күнімен құттықтап, ерекше лебізін білдірді. Сондай-ақ, Болманов туған күн иесіне естелік реті...

Korrespondent.kz Мәдениет

ОҚО-да әкімнің баспасөз хатшысы күйеуіне тоқал іздеді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған жазбасы арқылы көпшіліктің жағасын ұстатты. Әкімдіктік қызметкері Гаухар Қабыл...

Korrespondent.kz Қоғам

Кәсіпкер Төлешовтің анасына қатысты ақпарат пайда болды (видео)

Шымкенттік «сыра паштасы», ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің отбасына қатысты жаңа дерек пайда болды. Белгілі болғандай, оның анасы Бараш Төлешова 2014 жылы қайырымдылық жасап, Оңтүстік Қазақстандағы Қас...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Айдос Сарым, саясаттанушы: «Биліктегілер халықпен ойнап отыр»

– Бұл сайлаудан соң ел өмірінде не өзгеруі мүмкін? Тағы да қазынаның қыруар қаржысы шашылайын деп тұр, осы сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің қажеттілігі болды ма?

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ Саясат

ОҚО мұғалімі емтихан бағасы қанша тұратынын еш қысылмастан айтып берді (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде сынақтан өткізу ашықтан-ашық саудалануда. «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде колледж студенттерінің сабақ барысында оқытушымен саудаласып отырған сәті ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Сапарбаев басқаратын облыста мұғалімдер дәретхана бөлмесінде жұмыс істеп отыр

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы мектептердің бірінде мұғалімдер әжетханаға арналған бөлмеде отыруға мәжбүр. Екі дәретхананың бірі 30 ұстазға арналған мұғалімдер бөлмесінде болса, екінші дәретхана мед...

Korrespondent.kz Қоғам

Түркістанда 100-ге жуық көпқабатты үй салынады

Биыл Түркістанда жалпы саны 8 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіледі. Ал өткен жылдың соңында қаланың бас жоспарына сәйкес, жаңа тұрғын үй аумағы деп белгіленген емхана және балалар ауруханасы маңынан ...

Korrespondent.kz Қоғам

Алматылық «түнгі көбелек» оңтүстіктің қыздары тұрмысқа қандай жолмен шығатынын айтып берді

Алматылық бикеш елдің оңтүстіктік бөлігіндегі қыздардың биязылығы мен қарапайымдылығына күмәнмен қарайды. Тіпті олардың көшеде босанып, балаларын қоқысқа тастап, дым болағандай тұрмысқа шығып жатқанын...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter