Кәсіпкер Төлешовтің анасына қатысты ақпарат пайда болды (видео)
Шымкенттік «сыра паштасы», ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің отбасына қатысты жаңа дерек пайда болды. Белгілі болғандай, оның анасы Бараш Төлешова 2014 жылы қайырымдылық жасап, Оңтүстік Қазақстандағы Қасқасу елдімекенінде үлкен мешіт салып берген.
Бұл қайырымды іс туралы отандық арналардың бірінде видеоақпарат та жарияланған. Рамазан айы қарсаңында пайдалануға берілген Алла үйінің биіктігі 19 метрге жетеді. Аумағы 200 шаршы метрді алады. Бір мезетте 100-ден астам мұсылманның намазға жығылуына мүмкіндік бар. Заманауи талапға сай бой көтерген мешітте автономды жылыту мен бейнебақылау орнатылған. Бұл ғимаратқа 110 млн теңге жұмсалыпты. Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні шымкенттік кәсіпкер арнайы жасақ операциясы барысында қолға түскен болатын. Оған ҚР ҚК 266 және 297 баптары бойынша айып тағылып отыр. Бүгінде бизнесмен Астанадағы қамауға алынған. Авдокатының айтуынша, ол наурыздың соңына дейін қамауда жатады. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Медиа
- Тоқтар Төлешов
- Тохтар Тулешов
- шымкент
- Шымкент пиво