Күйеуіне жар іздеген ОҚО тұрғыны ол мәлімдемесі осыдан екі жыл бұрын жасалғанын айтты
«Фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Күйеуіме жар іздеймін» деп жазба қалдырып, кейін отандық ақпарат құралдарының біріне бұл туралы егжей-тегжейлі сұхбат берген оңтүстікқазақстандық тұрғын Гаухар Қабылбекованың бұл мәлімдемесі осыдан екі жыл бұрын жазылғаны белгілі болды.
Бұл туралы жазба авторы айтып, бұған қатысты өз пікірін де беріп үлгерді. «Мен жеке пікірімді қызметтік өкілеттігіммен байланыстырған емеспін. Сонымен қатар, бұл жазбаны облыс, аудан әкімдіктерінің ресми сайтында, немесе әлеуметтік желілердегі оларға тиесілі аккаунтта жариялаған емеспін. 2 жыл бұрын жеке аккаунтымда жеке азамат ретінде білдірген пікірімді қызметтік өкілеттігіммен байланыстыруды қисынсыз деп білемін»,-деді ол. Естеріңізге сала кетейік, отандық ақпарат құралдарының бірі жексенбі күні осы мәліметке қатысты мақала жариялап, кейін оны өзге де БАҚ көшіріп басқан болатын. Сондай-ақ, жазба авторының Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы екені де белгілі болды. Мемлекеттік қызметкердің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға салынып, басым қолдауға ие болды. Тіпті әйел азаматының мұндай әрекетін нағыз ерлік деп қолдағандары да бар. Алайда жар іздеу туралы ақпараттың жарияланғанына екі жыл өтсе де, екінші болуға ниет еткендер табылмапты.