Сапарбаев басқаратын облыста мұғалімдер дәретхана бөлмесінде жұмыс істеп отыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 16 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Сапарбаев басқаратын облыста мұғалімдер дәретхана бөлмесінде жұмыс істеп отыр

Фото: www.nur.kz

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы мектептердің бірінде мұғалімдер әжетханаға арналған бөлмеде отыруға мәжбүр. Екі дәретхананың бірі 30 ұстазға арналған мұғалімдер бөлмесінде болса, екінші дәретхана медбике бұрышына айналған.  Бұл туралы NUR.KZ  хабарлайды. 

 

Мұғалімін дәретханада сыйлайтын «білімділер» Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында отыр. Ырғыз ауданынан 150 шақырым жердегі ең қашық елді мекендерінің бірі Жайсаңбай ауылындағы жағдай мәз емес. Өтебай Қанахин атындағы жаңа мектеп жайы  жаға ұстарлық күйде. Мектеп қызметкерлері алыс ауылға білім министрінің мойнын бұрғанын қалайды. Жаңа мектеп ішіндегі әжетханада әжуаланып отырған әріптестерінің бар екенін білсе екен дейді.

«2014 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа мектеп қолданысқа берілді. Мектепке кіргенімізбен, білім ордасы орта мектеп базасына сай емес. 11 класс және даярлықпен 12 класс болу керек. Бірақ, бізге 5 кабинетті ғана қолданысқа берді. Екі кабинет жетпеген соң директор бөлмесі мен мұғалімдерге арналған кеңсені оқушы класы ретінде пайдаланып жатырмыз. Директорымыз медбикеге арналған бөлмеде отыр. Ал, медбике мен мұғалімдер бөлмесі ретінде екі дәретхананы пайдаланып отырмыз», - дейді Өтебай Қанахин атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Інжугүл Мырзатаева.

Унитаздың қасында отырып, қағаз жазатын ұстаздар бұл қорлықтың қашан бітерін білмей отыр. Басынан жобасы жүйеленбей қалған мектептің қадірлі орны әжетханаға айналды.

«Өткен жылы ғана қолданысқа берілген мектептің сапасы сын көтермейді. Ғимараттың іргесі ашылып кеткен, іші салқын. Біз білім ордасындағы тәрбиеге де кері әсер етер деп балаларды дәретхананың ішіне отырғыза алмадық»,- дейді мектеп қызметкерлері.

80-нен астам түтіні бар Жайсаңбай ауылының тұрғындары осыған дейін 1972 жылы салынған ескі мектепте оқыды. Қабырғасы үгітілген апаттық жағдайдағы негізгі мектеп 2014 жылы орта мектепке ауысты. База кеңейіп, сапа салмақталады деген. Сөйтсе, олары арман болып шықты.

Оқушыларға арналған бес кабинеті бар жаңа мектеп талапқа сәйкес емес. 103 оқушы білім алатын жаңа мектепте спорт зал да жоқ. Онда жұмыс істейтін 30 мұғалім мен 14 кіші қызметкер мектепке сыймай жатыр.

Қазақстанның бас ұстазы әжетханада отырған әріптестеріне араша бола ала ма?

Алыстағы ағайын ауданнан шалғай жатқан елді мекенде жол қатынасының қиынға соғып тұрғанын айтып қалды. Айтуларынша, шағын ауылдағы 3 дүкенде азық-түлік бағасы удай.

«Аз қамтылған отбасылардың қалтасы көтермейді. Мысалға, 50 келі ұн 6000 теңге, 25 келі шекер 7500 теңге, сұйық май 5 литр 2200 теңге, 5 келі макарон 1000 теңгені құрайды. 2015 жылы қолданысқа берілген ауыз су апта сайын істен шығып тұр. Жиі тоқтап қалады», - дейді ауыл тұрғындары.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Тажен Жолдас Танатул
0 Тажен Жолдас Танатул 09.02.2016 22:40
Маскара!
Жауап беру
Айгерим
+2 Айгерим 10.02.2016 13:51
Арине уят нарсе, бирак ол жонинде Сапарбаев агамыз билмейтинине 100% сенимдимин. Билсе арине бул жайтты жай калдырмасына да сенимдимин.
Жауап беру
Кыпшак
-1 Кыпшак 10.02.2016 15:24
Сізге толықтай келісемін
Жауап беру
Бахыт
0 Бахыт 11.02.2016 10:10
Осы журналистердин Сапарбаевтын атын косып жазбаса иши ауырады ма? Иши тарлыкты койсандаршы. Осип оркендер келе жаткан облыстын тупки ауылынын тырнагынан кир издегенше, жылдар бойы тапжылмай алга жылжымай бир орында турган баска акимдердин жумыстарын неге жазбайсындар.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО мұғалімі емтихан бағасы қанша тұратынын еш қысылмастан айтып берді (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде сынақтан өткізу ашықтан-ашық саудалануда. «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде колледж студенттерінің сабақ барысында оқытушымен саудаласып отырған сәті ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Сапарбаев басқаратын облыста мұғалімдер дәретхана бөлмесінде жұмыс істеп отыр

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы мектептердің бірінде мұғалімдер әжетханаға арналған бөлмеде отыруға мәжбүр. Екі дәретхананың бірі 30 ұстазға арналған мұғалімдер бөлмесінде болса, екінші дәретхана мед...

Korrespondent.kz Қоғам

Алматылық «түнгі көбелек» оңтүстіктің қыздары тұрмысқа қандай жолмен шығатынын айтып берді

Алматылық бикеш елдің оңтүстіктік бөлігіндегі қыздардың биязылығы мен қарапайымдылығына күмәнмен қарайды. Тіпті олардың көшеде босанып, балаларын қоқысқа тастап, дым болағандай тұрмысқа шығып жатқанын...

Korrespondent.kz Қоғам

Қайрат Нұртасқа оқырмандары орысша сөйлеп үйренуге кеңес берді

Белгілі әнші Қайрат Нұртас Инстаграмдағы парақшасында өз оқырмандарына Астанада жаңа кроссфит-орталықтың ашылғанын қуана жеткізген болатын. Алайда оның бұл жаңалығын фолловерлері қуана қабылдай қоймағ...

Korrespondent.kz Мәдениет

ОҚО-да имамды ерткен тұрғындар арақ сатуға қарсылық танытып, дүкендерді аралап жүр (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты Шорнақ елдімекенінің тұрғындары дүкендерде сатылатын арақтарға жаппай тыйым салып жатыр. Әлеуметтік желілердің бірінде қос видео пайда болды. Оны ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Күйеуіне жар іздеген ОҚО тұрғыны ол мәлімдемесі осыдан екі жыл бұрын жасалғанын айтты

«Фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Күйеуіме жар іздеймін» деп жазба қалдырып, кейін отандық ақпарат құралдарының біріне бұл туралы егжей-тегжейлі сұхбат берген оңтүстікқазақстандық тұрғын ...

Korrespondent.kz Қоғам

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім: "Шәкіртінен пара дәмету - өз балаңды баққаныңа ақы сұраумен бірдей"

Шымкенттік мұғалім Өмір Шыныбекұлы ұстаздардың шәкіртінен пара алуына қатысты өткір ойын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөлісті. Тіпті ол өзінің басынан өткен оқиғаны мысалға келтіріп, б...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал журналист Сара Назарбаеваның мерейтойына қатысты жақ ашпаған мемлекеттік БАҚ-тарға таң қалды

Орыс тілді қазақстандық белгілі журналист Ержан Сүлейменов мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысын сынға алды. Нақтырағы, ол елдің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның 75 жылдық мерейтойының кеңінен насихатталмағ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter