Тоқтар Төлешов 13 ұл-қыздың әкесі екені белгілі болды (фото)
"Террорлық қатерлерді сараптау орталығының» директоры Рамиль Латыпов танымал бизнесмен Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасай отырып forbes.kz хабарлады.
Рамиль Латыпов Төлешовті «Ресейдің үлкен досы», «терроризмнің қас жауы» деп атады. Сондай-ақ, ол Төлешовтің жекеменшік күзет мекемесі бар екенін де жеткізген.
«Қазақстанда қарапайым халыққа ұстауға тыйым салынған кейбір қару-жарақ оның қызметкерлерінде болған. Әрине, бәрі заң тұрғысында»,-деп атап өтті Латыпов.
«13 баланың әкесі Төлешов әрдайым есірткіге жеккөрініштілікпен қарайтын. Оның Антитеррорлық, антиэкстрималдық мағынасы бар бірқатар туындылардың авторы бола тұра тыйым салынған әдебиеттерді таратуы – тіпті мүмкін емес»-деді орталық директоры.
2015 жылдың қазан айында Тоқтар Төлешов ТҚСО-дан (террорлық қатерлерді сараптау орталығы) жұмыстан өз қалауымен шығу туралы арыз жазған. Бұл шешімі өзін толықтай «Үдеу-өрлеу» қоғамдық қозғалысының жетекшілігіне арнағысы келетінімен байланысты болған.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні Шымкентте арнайы жасақ операциясы барысында төрт бірдей күдікті ұсталған еді. Олардың бірі – танымал бизнесмен Тоқтар Төлешов. Тінту барысында тұрғылықты мекені мен жұмыс орнынан қару мен есірткі заттары, әдебиеттер табылған болатын.
- Тоқтар Төлешов
- Тохтар Тулешов
- Шымкент сыра