Алматылық жезөкшелер кез-келген танымал жұлдыздың кейпінде қызмет етуді жоспарлаған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 17 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Алматылық жезөкшелер кез-келген танымал жұлдыздың кейпінде қызмет етуді жоспарлаған

Фото: operkor.files.wordpress.com

Алматыда жеңіл жүрістілер тұңғыш  жезөкшелер үйін ашуға ниетті. Мұндай ойдың туындауына жезөкшелікке қарсы шығып жүретін адвокат Жангелді Сүлеймановтың жазбасы себеп болған. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы жазды. 

 

Заңгер жезөкшелер үйінің ашылуына тыйым салатын заң жоқ болғандықтан, олар өз бетінше реттелетін ұйым ашып алуы әбден мүмкін екенін жазған.

Жоба ұйымдастырушыларының ойынша, жезөкшелік бар, болған және бола береді. Бұл орайда оны ресми заңдастырған дұрысырақ деп санайды олар.

"Қыздар мемлекет бюджетіне және зейнетақы қорына ақша салып отырады. Әрбір "кездесу үйіне" бекітілген дәрігер болады. Ол қызмет көрсетушілердің денсаулығын қадағалап, АҚТҚ секілді жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді", - дейді ұйымдастырушылардың бірі Ирина.

"Түнгі көбелектер" сұранысты арттырудың жоспарын да құрып қойған екен. Мәселен, қыздар келген қонақтың қалауы бойынша кез-келген танымал жұлдыздың кейпінде қызмет етеді, ал ол үшін арнайы тігіншілер мен стилистер жалданатын болады.

Алайда заңгер Айнагүл Әбіланова, мұндай қызмет түрін ашқандар заң алдында жауап беретінін ескертті.

"Секс қызмет ұсынатын барлық жеке кәсіпкерлер заң алдында жауап береді. Оларды Қылмыстық кодекстің 309 бабы "жезөкшелік пен жеңгетайлыққа арналған орын ашып, оны ұйымдастыру" бойынша жауапкершілік күтіп тұр. Оған сәйкес айыптылар алдын ала келісілген топтық қылмыс жасағаны үшін 3-7 жылға дейін темір торға қамалып, мүлкі тәркіленеді", - дейді заңгер.

Осыған орай, жезөкшелер үйі ашыла қоюы екіталай, себебі оған қарастырылған жауапкершілік "сексті" кәсіп еткендерді қуанта қоймайды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО мұғалімі емтихан бағасы қанша тұратынын еш қысылмастан айтып берді (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде сынақтан өткізу ашықтан-ашық саудалануда. «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде колледж студенттерінің сабақ барысында оқытушымен саудаласып отырған сәті ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қайрат Нұртасқа оқырмандары орысша сөйлеп үйренуге кеңес берді

Белгілі әнші Қайрат Нұртас Инстаграмдағы парақшасында өз оқырмандарына Астанада жаңа кроссфит-орталықтың ашылғанын қуана жеткізген болатын. Алайда оның бұл жаңалығын фолловерлері қуана қабылдай қоймағ...

Korrespondent.kz Мәдениет

ОҚО-да имамды ерткен тұрғындар арақ сатуға қарсылық танытып, дүкендерді аралап жүр (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты Шорнақ елдімекенінің тұрғындары дүкендерде сатылатын арақтарға жаппай тыйым салып жатыр. Әлеуметтік желілердің бірінде қос видео пайда болды. Оны ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Танымал журналист Сара Назарбаеваның мерейтойына қатысты жақ ашпаған мемлекеттік БАҚ-тарға таң қалды

Орыс тілді қазақстандық белгілі журналист Ержан Сүлейменов мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысын сынға алды. Нақтырағы, ол елдің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның 75 жылдық мерейтойының кеңінен насихатталмағ...

Korrespondent.kz Саясат

Экс-тоқалдар байларды қармаққа түсірудің жаңа әдісін ойлап тапқан

Астанада экс-тоқалдар байларды қармаққа түсірудің жаңа әдісін ойлап тауыпты. Тіпті олар қайтадан тоқал болуға әзір. Ондайлар арнайы клубтарда жиі қарасын көрсетеді. Бұл туралы клубқа бас сұққан куәгер...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы Валентин күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан виртуалды достарын әулие Валентин күнімен құттықтады. Жылы лебізін шенді қызметкер «фэйсбук» әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім: "Шәкіртінен пара дәмету - өз балаңды баққаныңа ақы сұраумен бірдей"

Шымкенттік мұғалім Өмір Шыныбекұлы ұстаздардың шәкіртінен пара алуына қатысты өткір ойын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөлісті. Тіпті ол өзінің басынан өткен оқиғаны мысалға келтіріп, б...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік жастар балалар үйіне барып, палау таратты

Шымкенттің белсенді жастары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы барып, қой сойып,  палау таратты. Асты  әзірлеу үшін ұйымдастырушылар 16 жылдан бері ас...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter